Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Елордада той-томалақ өткізу тыйылмай тұр



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 13:06 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/elordada-toy-tomalak-otkizu-tyyylmay-tur_a3773832


Елордада той-томалақ өткізу тыйылмай тұр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирустың өршіп тұрғанына қарамастан елордада той-томалақ өткізетіндер тыйылмай тұр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Карантин: Бірқатар кәсіпкердің жұмысына уақытша тыйым салынды Мониторинг топтар елорданың қоғамдық көліктерін неге тексермейді Шығыс Қазақстанда карантин талабын сақтамайтындар әлі де тыйылмай тұр

«Қазіргі уақытта мониторинг топтары күнделікті рейд іс-шаралары жүргізіп, 100-ден астам кәсіпкерлік нысандарын қамтиды. Бұл ретте жеке тұлғалар тарапынан да, кәсіпкерлік субъектілер тарапынан да карантин іс-шараларын сақтамау фактілері анықталып жатыр. Яғни, тыйымдарға және коронвирс инфекциясы таралуының тәуекеліне қарамастан үйленутойы, туған күн, көңілді кештер сынды бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тыйылмай отыр. Нысандарда көп адам жиналады және әлеуметтік арақашықтық пен санитарлық нормалар сақталмайды», - деді бас санитарлық дәрігер елорда әкімдігінде өткен брифинг барысында.

Оның дерегінше, осы жылдың 1 қаңтары мен 7 сәуірі аралығында полицияға шектеу іс-шараларының бұзылғаны туралы 423 материал түскен. Олар бойынша іс қаралып, 29 млн теңгеден астам сомаға 146 әкімшілік айыппұл салынған. 72 айыппұл қысқартылған тәртіппен 12 млн теңдеген астам мөлшерде төленген.

«Мониторинг топтардың жұмысы карантиндің шектеу іс-шараларының бұзылуын анықтау және жолын кесуге бағытталған», - деді Сархат Бейсенова.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1385490
Пікірлер

Көрші сілтемелер