Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ресей Сібірдің шалғай аудандарына арнайы медициналық пойыз жіберді - Қазақстан және әлемдегі соңғы ж



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 13:00 - 2021/04/08

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/466222-resej-sibirdi-shal-aj-audandaryna-arnajy-meditsinaly-pojyz-zhiberdi



Ресей Сібірдің шалғай аудандарына арнайы медициналық пойыз жіберді


Мамандар 100-ге жуық станцияда аялдап, шалғайдағы жұрты вирусқа қарсы егеді.

Наурыз айында да маманданған топ дәл осы бағдармен жүріп өтіп, алыстағы өңір тұрғындарына коронавирусқа қарсы екпе салған еді. Енді араға 3 апта салып, сол азаматтар вакцинаның екінші дозасын алатын болады. Темір жол көлігінің іші қажетті құрылғымен жабдықталған. Екпе салдырмас бұрын тұрғындарды терапевт-дәрігер тексереді. Негізі вакциналау ғана емес, алыстағы елге медициналық кеңес беру де жоспарда бар.

Роман Дерягин, дәрігер:

– Адамдар коронавирусқа қатысты жағдайдың қаншалықты қауіпті екенін түсіне бастады. Сондықтан өздері мен жақындарының денсаулығына көп көңіл бөлетін болды. Яғни тексеруден өтіп, екпе салдырып жатыр.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1385484
Пікірлер

Көрші сілтемелер