Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Маңызды мамандықтарды анықтады – Астана Ақшамы



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 12:45 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/mangyzdy-mamandyqtardy-anyqtady/


Маңызды мамандықтарды анықтады – Астана Ақшамы

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ деректері бойынша биыл наурызда Электрондық еңбек биржасында 62,5 мың бос жұмыс орны орналастырылды. Өткен аймен салыстырғанда ЭЕБ-дағы бос жұмыс орындарының жалпы саны 5%-ға азайды. Қазіргі уақытта биржадағы 32,2 мың бос жұмыс орны ашық күйінде қалып отыр.Наурыз айында автобус жүргізушілерінің, күзетшілердің орта медициналық персоналдың, даяшылардың және жалпы практика дәрігерлерінің тапшылығы байқалған. Біліктілігі жоқ қызметкерлердің арасында жүк тиегіштер, тазалаушылар, сондай-ақ ас үй бойынша көмекшілер жетіспейді.
«Пандемия кезінде денсаулық сақтау саласындағы жоғары білікті мамандарға да сұраныс жоғары. Наурызда 3,2 мың бос жұмыс орны орналастырылды, олар бойынша негізінен жалпы практика дәрігерлері, педиатр дәрігерлер, анестезиолог дәрігерлер және реаниматологтар қажет болды. Сонымен қатар, бар ұсыныс жұмыс берушілердің қажеттіліктерін қанағаттандырмайды. Наурызда осындай 788 түйіндеме ғана орналастырылған» деп атап өтті ЕРДО Стратегия және жобалық басқару департаментінің бас сарапшысы Айжан Мұқышбаева.
Ақпан айында көбінесе кеңсе қызметкерлері, қаржы және инвестициялар бойынша кеңесшілер, заңгерлер мен экологтар көп болған болса, наурыз айында ауыл шаруашылығы қызметкерлері, кондитерлер мен тігіншілер арасында жоғары бәсекелестік байқалады. Біліктілігі жоқ жұмыскерлерге келетін болсақ, наурыз айында аумақты көгалдандыру және абаттандыру бойынша жұмысшылар, аула сыпырушылар, сондай-ақ вахтерлер мен консьерждер артық болды.
1 наурыздан бастап портал кеңейтілген функционалмен жұмыс істейді. Атап айтқанда, жұмыс берушіні немесе жұмыскерді іздеу критерийлерінің саны ұлғайды, кәсіптердің жаңартылған анықтамалығы мен дағдылар банкі енгізілді, сондай-ақ «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде пайдаланушыларға ерікті түрде қоныс аудару жөнінде ақпарат беретін сервис алғаш рет іске қосылды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1385475
Пікірлер

Көрші сілтемелер