Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Сәуір айында Қазақстанға Валентина Матвиенко келеді



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 12:39 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/sauir-ayynda-kazakstanga-valentina-matvienko-keledi_a3773813


Сәуір айында Қазақстанға Валентина Матвиенко келеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАпарат – Сәуір айының соңында Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен Қазақстанға келеді. Бұл туралы Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы Мажарстанның сыртқы істер министрін қабылдады ҚР СІМ Иорданиядағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады Қазақстан делегациясы ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты

«Сәуір айының соңында Федерация Кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенконың Қазақстанға сапары жоспарланған. Бұл да парламенттік ынтымақтастықтың дәйекті дамуын көрсетеді», - деді Сергей Лавров.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Нұр-Сұлтанда ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен кездесу өткізіп жатыр.

«Бүгінде екі ел арасындағы қатынастар барлық бағыттар бойынша стратегиялық әріптестік пен одақтастық рухында қарқынды дамып келеді. Қарқынды саяси диалог жолға қойылған, біздің елдеріміздің Қауіпсіздік Кеңестері деңгейінде парламентаралық ынтымақтастық серпіні қолдау табуда, терең экономикалық байланыстар орныққан. Экономикалық интеграция процесі жүйелі түрде алға жылжып келеді. Әскери-техникалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы ынтымақтастық нәтижелі дамуда. Өңіраралық байланыстар кеңеюде», - деді кездесуді ашқан Мұхтар Тілеуберді.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1385469
Пікірлер

Көрші сілтемелер