Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Карантин: Бірқатар кәсіпкердің жұмысына уақытша тыйым салынды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 12:33 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/karantin-birkatar-kasipkerdin-zhumysyna-uakytsha-tyyym-salyndy_a3773811


Карантин: Бірқатар кәсіпкердің жұмысына уақытша тыйым салынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда соты карантин режимін жиі бұзған 36 кәсіпкерлік субъектісінің жұмысына уақытша тыйым салды. Бұл сауалға Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда карантин талабын сақтамайтындар әлі де тыйылмай тұр Алматыда Роза Рымбаева мен Сәкен Майғазиев қатысқан тойдың видеосы тексеріліп жатыр Алматыда айыппұл арқалаған дәмханалар мен мейрамханалар белгілі болды

«Осы жылдың 1 қаңтары мен 14 ақпаны аралығында сотқа 47 кәсіпкерлік субъектісіне қатысты 52 әкімшілік іс сотқа жіберілді. Олар: «Сова», «Janym Soul» караоке-бары «Alanya» түнгі клубы, «Эхо» бары, «Золото» мейрамханасы, «Stories» лаундж-бары, «Текила» дәмхана-бары, «Respawn» компьютерлік клубы», - деді бас санитарлық дәрігер елорда әкімдігінде өткен брифинг барысында.

Оның дерегінше, сот 36 кәсіпкерлік субъектісіне қатысты 6 млн теңге мөлшерінде әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдаған. Сонымен қатар аталған нысандардың жұмысына 1айдан 3 айға дейін тыйым салынды.

«Мәселен, «Janym Soul» караоке-барына 70 АЕК айыппұлмен 1 айға, «Alanya» түнгі клубы 100 АЕК-пен 3 айға жұмысы тоқтатылды. «Текила» караоке-барына 170-200 АЕК мөлшерінде 4 әкімшілік айыппұл салынды және 1 ай жұмыс істей алмайды. «Золота» мейрамханасы да жұмысын бір айға тоқтатты және 100 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. «Respawn» компьютерлік клуб 5 АЕК айыппұл төлеп, 2 ай жұмыс істей алмайды. «Ақ қайың» саунасына да 5 АЕК мөлшерінде айыппұл төледі. Оның да жұмысына 1 айға тыйым салынды», - деді Сархат Бейсенова.

Бас санитарлық дәрігердің атап өтуінше, сот ұйғарымын орындау үшін 13 кәсіпкерлік субъектісінің есіктері мөрленген. Сонмен қатар «Текила» караоке-бары мен «Alanya» түнгі клубына электр энергиясы мен су беру тоқтатылған.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1385466
Пікірлер

Көрші сілтемелер