Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Елордада эпидемиялық жағдай тұрақсыз болып тұр



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 12:30 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/270971-elordada-epidemiyalyq-dgaghday-turaqsyz-bolyp-tur


«Нұр-Сұлтан қаласындағы CОVІD-19 инфекциясы бойынша эпидемиялық жағдай тұрақсыз болып қалуда, эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша бір ай «қызыл аймақта» тұрды. Осы жылдың басынан бері қала бойынша сырқаттанғандар саны 15 мыңнан асты, пандемия басталғалы 34 000 астам жағдай тіркелді. Оның ішінде 21000-нан астамы - симптоматикалық және 12 000-нан астамы- симптомсыз», деді Сархат Бейсенова.

Оның айтуынша ақпан айында сырқаттанушылық динамикасында қаңтармен салыстырғанда 25%-ға төмендеу байқалса, наурыз айынан бастап елордада сырқаттанушылықтың тұрақты өсуі байқалады және наурыз айы мен сәуірдің 7 күнінің қорытындысы бойынша қаңтар мен ақпан айларына қарағанда 2338 жағдайға көбірек тіркелді (қаңтар – 3763; ақпан – 2811; наурыз – 6011, сәуір - 2901).

«17 наурыздан бастап аурудың күнделікті өсуі 1%-дан асып, 20-25 наурыз аралығында 0,64%-ға дейін төмендеді. Соңғы 12 күн ішінде бұл көрсеткіш орта есеппен 1,2%-ға сақталады. Соңғы тәулікте 578 бастапқы жағдай тіркелді, яғни симптомдары бар 404 жағдай, 174 — симптомсыз жағдай. Соңғы аптадағы сырқаттанушылық көрсеткіштері алдыңғы аптаның деңгейінен 23%-ға жоғары, 100 мың тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш 249,6 құрады. Репродуктивті саны бірден жоғары», деді елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1385464
Пікірлер

Көрші сілтемелер