Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Рамазан айы: Астаналықтарға үндеу жасалды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 12:00 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/ramazan-ayy-astanalyktarga-undeu-zhasaldy_a3773776


Рамазан айы:  Астаналықтарға үндеу жасалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Рамазан айында ауызашарды тек отбасы ортасында өткізуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Биыл пітір мөлшері 420 теңге болып белгіленді Биыл Рамазан айы 13 сәуірде басталады – ҚМДБ

«Құрметті елорда тұрғындарымен қонақтары! Біздің қоғам үшін маңызды діни мереке – қасиетті Рамазан айы жақындап келеді. Бұл еліміздің көптеген азаматтары үшін үлкен маңызға ие. Қаланың барлық азаматтарын мереке күндері түсіністікпен қарап, карантин режимін қатаң сақтауды сұраймыз. Біз діндар адамдардың рухани және діни сезімдеріне терең құрметпен қараймыз. Алайда, қауіпті вирустың ауыр пандемиясы барлығының денсаулығына қауіп төндіреді», - деді ол елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихаты барысында.

Сархат Бейсенова осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті шектеу сипатындағы барлық іс-шараны ескеруді және сақтауды, атап айтқанда, ұжымдық іс-шараларды, оның ішінде үй жағдайында өткізбеуді ұсынатындығын баса айтты.

«Сонымен қатар қонақасы немесе бірге уақыт өткізу үшін келгісі келетін отбасы мүшелері мен достарына да келуге жол бермеу керек. 65 жастан асқан адамдар тәуекел тобында қалады. Осыған байланысты қасиетті Рамазан айында ауызашарды тек отбасы ортасында өткізуді ұсынамыз. Пандемия кезінде әлеуметтік арақашықтық сақтау өте маңызды екенін ұмытпаңыздар. Сондықтан біз барлық ұсыныстарды орындауға және пандемия мен күресте жауапкершілік пен бірлікті көрсетуге шақырамыз», - деді елорданың бас санитар дәрігері.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1385439
Пікірлер

Көрші сілтемелер