Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Дені сау әлем құрайық! – Астана Ақшамы



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 12:00 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/deni-sau-alem-qurajyq/


Дені сау әлем құрайық! – Астана Ақшамы

Жыл сайын 7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтіледі. Биыл бұл күннің ұраны – «Дені сау әлем құрайық» болды. Қазір бүкіл әлем бір күнде ғана емес, коронавирусты толық жеңгенге дейін әр күнде осы ұранды ұстанып, індетпен аяусыз күрес жүргізіп жатыр. Сол күрестің аясында ДДҰ 2021 жылды халықаралық медициналық-санитарлық және әлеуметтік қызметкерлер жылы деп жариялады. Осындай шешімі арқылы аталған ұйым індетпен күресте дәрігерлердің адалдығын құрметтеуге шақырады.Дертке шалдығатындар Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында, Ақтөбе мен Алматы облыстарында өсіп жатыр. Нау­қастанғандардың жалпы санының 63 пайызы – Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларының, Алматы облысының тұрғындары. «Эпидемиология­лық жағдай матрицасына сәйкес, Қазақстан Республикасы бір апта бойы тәуекелі жоғары, яғни «қызыл аймақта» тұр. Сонымен қатар тәуекелі жоғары аймақта еліміздің 7 өңірі бар. Олар: Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары, Батыс, Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды және Ақмола облыстары.
Ал елордаға келсек, наурызда ақпан айымен салыстырғанда КВИ жұқтырғандар 30% артқан. Сәуір айында 9 983 жағдай, тәулігіне 2 мыңға жуық науқас тіркелді. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында сырқаттанғандар санының өсуін «британдық» және «Оңтүстік Африка» штамының анықталуымен байланыстырды. Сондықтан, өңірлердегі әкімдер инфекциялық төсек-орын және МСАК мобильді бригадамен қамтамасыз ету бойынша шұғыл шаралар қабылдауы қажеттігін ескертті.

Елімізде бірінші сәуірден бастап вакцинациялауға жататын адамдардың санаттары кеңейтілді. Вакцинациялау кестелерін жергілікті атқарушы органдар жасайды. Қазақстанда өндірушілермен жүргізілген келіссөздерді ескере отырып, бірінші жартыжылдықта 6 млн-нан астам вакцина дозасы түседі деп жоспарланып отыр. Бұл тиісті контингенттің 64%-ын қамтуға мүмкіндік береді. «Бүгінде вакцинаның бірінші компонентімен 217 070 азамат, ал екінші компонентімен 79 541 азамат егілді. Мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 11,5 болды. Оның ішінде медицина қызметкерлерінің 40, педагогтердің 17, күштік құрылымдардың 7,7 пайызы, медициналық-әлеуметтік мекемелердегі қызметкерлердің 0,5 пайызы екпе алды» деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.
Ұйымдастырылған ұжымдарда және адамдар көп жиналатын жерлерде вакцинация жүргізу үшін жылжымалы егу пункттері іске қосылады. Осыған байланысты облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының әкімдері халықты КВИ-ға қарсы вакцинациялаумен қамтуды ұлғайту үшін адамдар көп жиналатын жерлерде уақытша егу пункттерін, бригадаларын ұйымдастыру керек. Сонымен қатар вакциналарды сақтауға арналған тоңазытқыш жабдықтарының жеткілікті болуын, көшпелі егу бригадаларында егу жүргізу үшін термоконтейнерлер толық болуын қадағалау қажет. Президенттің тапсырмасын орындау аясында сәуір айында 2 млн доза вакцина жеткізіледі деп жоспарланған, бұл тиісті контингенттің 23,4% қамтуға мүмкіндік береді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1385438
Пікірлер

Көрші сілтемелер