Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Оралда соңғы төрт күнде 235 адамның коронавирус жұқтырғаны тіркелді



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 11:54 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/oralda-songy-tort-kunde-235-adamnyn-koronavirus-zhuktyrgany-tirkeldi_a3773768


Оралда соңғы төрт күнде 235 адамның коронавирус жұқтырғаны тіркелді

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында соңғы төрт күнде 235 адамның коронавирус жұқтырғаны тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирусқа шалдыққан 522 науқастың жағдайы ауыр - ҚР ДСМ Армения ресейлік КВИ-ге қарсы вакцинаны мол көлемде сатып алуды көздеп отыр Вакциналауға қатысты Президент тапсырмалары орындалады – Алексей Цой

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім еткеніндей, індет сондай-ақ Бөрлі, Бәйтерек аудандарында өршіп тұр.

Атап айтқанда, 4-7 сәуір аралығында Бөрліде 81, Бәйтеректе 41 адамның дертке шалдыққаны анықталды. Сол секілді Шыңғырлауда 19, Теректіде 15, Қазталовта 15, Тасқалада 10 адамның сырқаттанғаны белгілі болды.

Облыста соңғы төрт күнде 429 адам тіркелсе, соның 243-і ЖРВИ белгілерімен қаралғанда, 99-ы бұрын ауырғандармен қарым-қатынаста болғаннан кейін, 83-і профилактикалық мақсатта, төртеуі стационарға жатқызар алдында тексерілгенде анықталды.

Індет басталғаннан бері өңірде ауырғандар саны 15900-ге жетсе, соның 12763-і жазылып шықты. 249 адам көз жұмды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда карантиндік талап күшейтіліп, халық қозғалысы шектелетінін жазған болатынбыз.

БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы 9 сәуірден бастап күшіне енеді.




Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1385433
Пікірлер

Көрші сілтемелер