Заңсыз ойын қызметін облыс тұрғыны ұйымдастырған. Тексеру барысында 4 ойын терминалы анықталып, тәркіленді.
Қазіргі уақытта заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша тергеу жүргізілуде.
Егер қаржы саласындағы құқықбұзушылықтарға тап болсаңыз немесе осындай фактілер белгілі болса, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің 8 (7172) 70-84-78, Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің 8 (7162) 25-62-84 сенім телефондарына хабарласуыңызды сұраймыз.
Ақпарат көзі: ҚР ҚМА баспасөз қызметі