Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Түйткілді мәселелермен танысты – Астана Ақшамы



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 11:45 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/tujtkildi-maselelermen-tanysty/


Түйткілді мәселелермен танысты – Астана Ақшамы

Кеше Нұр-Сұлтан қаласы мәслихат депутаттары елордадағы бірқатар білім беру мекемелері мен спорт нысандарын аралады. Тек отырыстарда ғана талқылай бермей мекемелердегі жағдайды өз көздерімен көрген депутаттар түйткілді мәселелермен тереңінен танысты.
Елордадағы ертеден келе жатқан мұғалімдерді дайындайтын қара шаңырақ Гуманитарлық колледждің тарихы 1944 жылдардан басталады. Аталған білім ордасынан осы уақытқа дейін талай мықты педагогтар білім алып, еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет етіп жүр. Сол кездегі облыстық исполкомының еңбекші депутаттары шешімі бойынша құрылған білім ордасы Ақмоладағы қазақ-орыс тілдерінде оқытатын бірден-бір педучилище еді. 2019 жылдан бері гуманитарлық колледж Астана халықаралық университетінің қарамағына сенімгерлік басқаруға берілді. Мемлекет пен жекелеген тұлғалардың бірлесе басқаруынан гүлденерміз деген оқытушылар мен студенттердің арманы желге ұшыпты. Білім басқармасына студенттер шәкіртақыларының уақтылы түспейтінін айтып жиі шағымданса, ұстаздар жағы еңбек­ақыларының әлі өспегенін айтып наразылық танытуда. Депутаттар келеді дегенді естіп бір топ педагог колледж алдына жиналыпты. «Біз – бұрынғы гуманитарлық колледждің оқытушыларымыз. Мемлекеттің сенімгерлік басқарумен бергеніне қарсы емеспіз. Бірақ соңғы бір жылдың ішінде оқытушылардың жағдайы жақсарып жатқан жоқ, керісінше нашарлап кетті. Қазақстанның бүкіл педагогтеріне тиесілі 25 пайызды бізге қоспай отыр. Астана Халықаралық университетінің басшылығынан неге екенін сұрасақ, сенімгерлік басқаруға берілген оқу орны ондайға жатпайды дейді. Бірақ мұғалімдерге қолдау Президенттің тапсырысымен беріліп жатыр ғой. Біз де барлық педагогтармен қатар еңбек етіп жатырмыз. Ал жыл ішінде біз бұрын алып келген еңбекақымызға зар болып қалдық. Біздің білуімізше, сенімгерлік басқаруға жағдайы төмен оқу орындарын береді. Ары қарай жақсарсын деп. Гуманитарлық колледждің жағдайы сенімгерлік басқаруға дейін де жақсы болды. Материалдық жағдайдың бәрі бұрыннан жасалған. Біз жақсарудың орнына нашарлап кеттік. Жылда берілетін премия да биыл жоқ» дейді оқытушылар қауымы.
Астана халықаралық университеті мәслихат депутаттарынан мұғалімдердің еңбекақысын қалпына келтіруге көмек беруін сұрап отыр. Ал мәслихат депутаттары: «Біз сіздерді естідік. Барлық мәселені ақылмен шешейік» деп педагогтарды сабырға шақырды. Бұл мәселе алдағы уақытта мәслихат отырысында қайта қаралмақ.
Келесі нысан – «Abadan» балабақшасы. Соңғы үлгіде салынған үш қабатты балабақшаның оқыту жүйесі де ерекше. Балаларды шығармашылыққа баулу арқылы сабақ өтеді. 360 балаға арналып салынған мекемеде қазіргі таңда 180 бала білім алуда. Дегенмен балабақшаның да өз қиындықтары бар. «Мемлекеттік жеке серіктестік аясында 2018 жылы балабақша құрылысы басталған еді. Жыл ішінде аяқталуы тиіс нысан үш жылға созылып, 2020 жылдың соңында ғана пайдалануға берілді. Мемлекеттік серіктестеріміз инфрақұрлым мен электр желісімен қамтамасыз ете алмағандықтан, құрылыс ұзаққа созылды. Тіпті балабақша орналасқан жер телімі де толықтай басымызға өтпей отыр. Балабақша толықтай салынып бітуі үшін несие де алдым. Қазір мекеме өз құнын толық өтей алмағандықтан, білім басқармасынан қолдау көрсетуін сұраймыз» деді кәсіпкер Алмас Сатылғанов.
Бұдан әрі мәслихат депутаттары мүмкіндігі шектеулі қала тұрғындарына арналған «Тарлан» мұз аренасында, паралимпиадалық жаттығу орталығында болды. «Бүгін біз гуманитарлық колледждің, балабақшаның және спорт нысандарының жұмысымен танысуды мақсат еттік. Барлық жағдайды жан-жақты қарап алдағы уақытта шешуге тырысатын боламыз. Мемлекеттік жеке серіктестіктің күшімен салынған «Abadan» балабақшасына трансформатор керек болса, паралимпиадашыларымызға спорттық құралдар жетіспей жатыр. Бюджеттен бөлінген ақшаның тиімді жұмсалуын қадағалайтын боламыз» деді мәслихат депутаты Ерлан Дәкенов.

Көктем ҚАРҚЫН

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1385426
Пікірлер

Көрші сілтемелер