Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Атеросклероз аз қимылдайтын адамдарда жиі кездеседі - дәрігер



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 11:06 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/ateroskleroz-az-kimyldaytyn-adamdarda-zhii-kezdesedi-dariger_a3773750


АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу иститутының бөлім меңгерушісі, кардиолог дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Гүлнар Оспанова атеросклероз ауруының алды алу жолдары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда күніне 15 онкологиялық науқасқа ота жасалады Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы әскери госпитальдар COVID-19 стационарына айналды Ақтөбенің бас дәрігері: Балалар апельсиннен жаппай уланып жатқаны жайлы ақпарат жалған

Атеросклероз – созылмалы өршіп отыратын, артерияларды зақымдайтын аурудың түрі. Олардың қабырғаларына майға ұқсас заттар, ең алдымен холестерин кіреді. Атеросклеротикалық бляшкалар артерия саңылауларын бітейді. Артериялардың саңылаулары тарыла бастайды да, ол арқылы қан аз жүріп тіндері оттегі мен қоректік заттарды аз қабылдайды.

«Егер осы артериялар өмірге маңызды ағзалар – жүрек, миға баратын болса, атеросклероз жүректің ишемиялық ауруын, миокард инфаргін, гипертонияны, инсульт пен шет тамырлары ауруларын тудыра алады» - дейді Гүлнар Оспанова.

Оның айтуынша, атеросклероз көптеген адамдарда кездеседі, бұл ретте бұзылыстың дамуы адамдарда ерте жасында басталады. Бала жасынан бастап-ақ қолқаның ішкі қабырғасында кейде холестерині бар липидті жолақтар байқалады. Аурудың дамуын жеделдететін және олардың симптомдары мен асқынуларының жылдам пайда болуына әкелетін атеросклероздың қауіп факторлары бар.

Егер оның алдын алып, емделетін болсақ, жүрек-тамыр ауруларының дамуына жол берілмейді. Аурудың ағымының еш симптомсыз болуына байланысты, атеросклероздың профилактикасын асқынуларға дейін ертерек бастаған дұрыс.

«Еңбек пен демалысты, сонымен қатар дене қимылының белсенділігін дұрыс ұйымдастырылуының маңызы зор, себебі атеросклероз аз қимылдайтын адамдарда жиі байқалады. Сондай-ақ дұрыс тамақтанудың да зор маңызы бар. Тағам әртүрлі болып және ол жеміс-жидектер, көкөністерге мол болуы тиіс. Темекі шегу, алкоголь ішімдіктерін ішу секілді зиянды әдеттермен күресу қажет»,- дейді дәрігер.

Атеросклероздың алдын алу шараларында ең алдымен тамырлардың зақымдануына бейім болатын артериялық гипертензия мен қант диабетін дер кезінде анықтау және олардың жүйелі емделуін бақылаудың маңызы зор.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1385398
Пікірлер

Көрші сілтемелер