Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Атеросклероздың алдын алуға болады – Кардиолог дәрігер



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 10:54 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/270958-aterosklerozdynh-aldyn-alugha-bolady-–-kardiolog-dariger


«Егер осы артериялар өмірге маңызды ағзалар – жүрек, миға баратын болса, атеросклероз жүректің ишемиялық ауруын, миокард инфаргін, гипертонияны, инсульт пен шет тамырлары ауруларын тудыра алады» дейді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ бөлімше меңгерушісі, м.ғ.к. Гүлнар Оспанова.

Атеросклероз көптеген адамдарда кездеседі, бұл ретте бұзылыстың дамуы адамдарда ерте жасында басталады. Бала жасынан бастап-ақ қолқаның ішкі қабырғасында кейде холестерині бар липидті жолақтар байқалады. Аурудың дамуын жеделдететін және олардың симптомдары мен асқынуларының жылдам пайда болуына әкелетін атеросклероздың қауіп факторлары бар.

Гүлнар Ермаханқызының айтуынша, егер олардың алдын алып, емделетін болсақ, жүрек-тамыр ауруларының дамуына жол берілмейді. Аурудың ағымының еш симптомсыз болуына байланысты, атеросклероздың профилактикасын асқынуларға дейін ертерек бастаған дұрыс.

Еңбек пен демалысты, сонымен қатар дене қимылының белсенділігін дұрыс ұйымдастырылуының маңызы зор, себебі атеросклероз аз қимылдайтын адамдарда байқалады. Сондай-ақ дұрыс тамақтанудың да зор маңызы бар. Тағам әртүрлі болып және ол жеміс-жидектер, көкөністерге мол болуы тиіс. Темекі шегу, алкоголь ішімдіктерін ішу секілді зиянды әдеттермен күресу қажет.

Атеросклероздың алдын алу шараларында ең алдымен тамырлардың зақымдануына бейім болатын артериялық гипертензия мен қант диабетін дер кезінде анықтау және олардың жүйелі емделуін бақылаудың маңызы зор.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1385389
Пікірлер

Көрші сілтемелер