Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Жаппай егуге дайындығын тексерді – Астана Ақшамы



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 10:45 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/zhappaj-eguge-dajyndyghyn-tekserdi/


Жаппай егуге дайындығын тексерді – Астана Ақшамы

Кеше Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой медициналық ұйымның тіркелген халықты коронавирустық инфекциядан жаппай вакцинациялауға дайындығын тексеру мақсатында елордадағы №4 емханада болды.Емхана ұжымына арнаған сөзінде А.Цой білікті медициналық кадрлар мен алғашқы медициналық-санитарлық көмектің сенімді жүйесі адамдарға «Үйдегі дәрігер» қағидаты бойынша медициналық ұйымдарға қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, қашан және қай жерде қажет болса да қызметтерді алуға мүмкіндік беру үшін негізгі факторлар болып табылатынын атап өтті. Сондай-ақ ол барлық медициналық ұйымдардың басшыларын халыққа сапалы денсаулық сақтау қызметтеріне, соның ішінде коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация­ға қол жеткізуге шақырды.
«Әлемде де, біздің елімізде де күрделі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, халықты өз денсаулығын сақтау үшін ортақ жауапкершілік танытуға және тіркелген жері бойынша емханаларда вакцинациядан өтуге шақырамын. ДДҰ-ның үндеуі – «Қорғау. Көмектесу. Күш-жігерді біріктіру» бәрімізге ортақ болады» деді министр. Қазіргі уақытта жалғасып жатқан жаһандық COVID-19 пандемиясының кезеңінде вакцинация жаңа аурулар мен өлімнің алдын алудың, сондай-ақ коронавирустық инфекция­мен күресудің маңызды құралы болып қала береді. «Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылы COVID-19 пандемиясынан барлық елдер зардап шекті, бірақ ол халықтың әлеуметтік осал топтары – зейнеткерлер, мүмкіндіктері шектеулі адамдар, бала кезінен мүгедектер, қарт адамдар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, шағын және орта бизнес қызметкерлері, ауыл тұрғындары және т. б. үшін ең үлкен соққы болды. Халықтың бұл топтары ауру қаупіне көбірек ұшырайды, сапалы медициналық көмек алу мүмкіндігі аз және пандемияны болдырмау үшін қабылданған шаралардың теріс әсерінен зардап шегеді. Сондықтан біз барлығымыз үшін денсаулықты сақтауымыз керек: барлығы қауіпсіз болмай, ешқайсымыз қауіпсіз болмаймыз» деп атап өтті А.Цой емхананы аралау барысында.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1385381
Пікірлер

Көрші сілтемелер