Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Елорданың аудан әкімдері көшелерді су басқаны үшін жазаланады



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 10:42 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/270957-elordanynh-audan-akimderi-koshelerdi-su-basqany-ushin-dgazalanady


«Көктем келісімен қаланы ретке келтіру керек. Бұл – санитарлық тазалау, қарды уақытылы шығару, абаттандыру, қасбеттерді тиісті қалыпқа келтіру және т. б. жұмыстар. Тұрғындар тарапынан өтініштер жиілеп кетті. Қаланы аралау барысында барлық аудан әкімдерінің өз жұмыстарын сапалы атқара бермейтіні көрінеді. Аудандық әкімдіктерде жауапкершілікті бір-біріне бұру фактілері бар», деп жазды әкім.

Оның айтуынша, ең көп шағым Есіл және Алматы аудандары бойынша түсіп жатыр. Бұл – аумақтарды уақытылы жинамау, мердігерлік ұйымдардың жұмысын нашар бақылау, тұрғындардың өтініштеріне дер кезінде жауап бермеу мәселелері. Кей жұмыстар тіптен аяқсыз қалған. Алматы және Есіл аудандарының әкімдеріне қатаң ескерту жасалған.

«Барлық аудан әкімдеріне кабинеттерден шығып, өз аумақтарын жаяу аралап, мәселелерді шешуді, сеніп тапсырылған учаскелерге жауап беру тапсырылды. Барлық кемшіліктер қысқа мерзімде түзетілуі керек. Жұмыстарды сапасыз және уақытылы орындамаған жағдайда тәртіптік жауапкершілікке тартамыз», деп жазды елорда әкімі.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1385379
Пікірлер

Көрші сілтемелер