Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ақтоты Райымқұлова: Туристік алым мөлшерлемесін мәслихат, ал төлеу тәртібін Үкімет бекітеді



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 10:39 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/aktoty-rayymkulova-turistik-alym-molsherlemesin-maslihat-al-toleu-tartibin-ukimet-bekitedi_a3773735


Ақтоты Райымқұлова: Туристік алым мөлшерлемесін мәслихат, ал төлеу тәртібін Үкімет бекітеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде басым туристік аумақ ұғымы енгізіленді. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында туристік қызмет мәселелері бойынша заң жобасын бірінші оқылымда талқылау кезінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістанда Еуразия Дүниежүзілік мұрасы қалаларының халықаралық конференциясы өтті Сенаторлар туристік қызмет мәселелері туралы заң жобасын қарайтын болды

А. Райымқұлова заң жобасының негізгі жаңалықтарына тоқтал келе, Басым туристік аумақ ұғымын енгізу ескерілгенін айтты.

«Басым туристік аумақ - туристік картаның республикалық объектілер тізіміне енгізілген, туристік дамудың ерекше әлеуеті бар аумақ. Басым туристік аумақ ресурстарды туризмді дамытудың перспективалы нүктелерінде шоғырландыру мақсатында құрылады.

Сондай-ақ, бұл аумақта инвесторлар үшін ерекше жеңілдіктер және қазақстандықтардың елде демалуға бағытталған ілгерілету шаралары қарастырылған», - деді министр.

Сонымен қатар ол шетелдік туристерге қатысты туристік алым жүйесін енгізу қарастырылғанын атап өтті.

«Әлемдік тәжірибені ескере отырып, ішкі және сыртқы туристік нарықтарда аймақтық туристік әлеуетті ілгерілету үшін жергілікті бюджеттің қосымша көздерін табу мақсатында шетелдік туристерге туристік алым енгізу әрі осы алым бойынша операторларды анықтау жоспарланып отыр. Туристік алым мөлшерлемесінің өзін мәслихат, ал төлеу тәртібін Үкімет бекітеді», - деді А. Райымқұлова.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1385378
Пікірлер

Көрші сілтемелер