Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Семейде құтқарушылар отқа оранған үйден 2 газ баллонын алып шықты



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 10:30 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/semeyde-kutkarushylar-otka-orangan-uyden-2-gaz-ballonyn-alyp-shykty_a3773728


Семейде құтқарушылар отқа оранған үйден 2 газ баллонын алып шықты

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семей қаласында құтқарушылар өртенген жер үйден 2 газ баллонын алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда түн ішінде өрт болған үйден 41 адам эвакуацияланды Нью-Йорктегі өрт: 240 адам эвакуацияланды,  21-і зардап шекті ШҚО-да жыл басынан бері 61 көлік өртенген

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 7 сәуір күні сағат 21.47-де Молдағалиев көшесінде өрт шыққан. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп жеткенде тұрғын үй кіреберісінің ағаш құрылғылары, қабырғалары мен төбесін қызыл жалын шарпып жатты.

«Құтқарушылар ас бөлмеден сыйымдылығы 27 литрлік 2 газ баллонын сыртқа шығарып үлгерді. Көп ұзамай жалпы ауданы 70 шаршы метрді шарпыған жалын толықтай ауыздықталып, оның ары қарай таралуына жол берілмеді. Тұрғын үйдің жалпы ауданы 250 шаршы метрді құрайды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 23 адам мен 8 техника жұмылдырылған. Оттың шығу себебі - электр сымдарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаудан болды.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1385372
Пікірлер

Көрші сілтемелер