Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қарағандылық әже 150 адамның өмірін құтқарды - Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 10:25 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://aikyn.kz/126544/%d2%9b%d0%b0%d1%80%d0%b0%d2%93%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d1%8b%d0%bb%d1%8b%d2%9b-%d3%99%d0%b6%d0%b5-150-%d0%b0%d0%b4%d0%b0%d0%bc%d0%bd%d1%8b%d2%a3-%d3%a9%d0%bc%d1%96%d1%80%d1%96%d0%bd-%d2%9b%d2%b1%d1%82%d2%9b/


Қарағанды тұрғыны Сәуле Есенбекова соңғы 16 жыл ішінде 150 адамның өмірін құтқарды. Облыстық қан орталығының мамандары қаһарман әйелді танып алған.

«Керек кезде мұндағы мамандар қоңырау шалады. Бірден келіп қан тапсырамын. Жуырда ғана бір оқиға болды. Перзентханада ауыр босанған ананың бірі қансырап қалған. Ол әйелді танымаймын. Бірақ қиналғанда қол ұшын созу – азаматтық парызым. Біреуге өмір сыйласам, бойым жеңілдеп, қуанып қаламын», – дейді донор Сәуле Есенбекова.
Сәуле Есенбекова 16 жыл ішінде 64 литр қан тапсырып, 150 адамның өмірін құтқарып қалған. 55 жастағы келіншектің қан тобы – I. Мамандар ондай қан тобын кез келген адамға құюға болатынын айтты.
«Кейде өмір мен өлімнің арасында жатқан науқасқа шұғыл қан қажет болады. Сондай қысылтаяң кезде бізді үнемі қолдайтын санаулы адамның бірі – осы Сәуле. Ол бұл қайырымдылығы үшін бар болғаны 729 теңгемен жұмыстан босату жөніндегі анықтама алады. Соған қарамастан ол біздің өтінішімізді ешқашан жерге тастаған емес», – деді Донорларды жинақтау бөлімшесінің жетекшісі Оксана Чернышева.
⠀ Хабар 24-тің мәлімдеуінше, Сәуле Есенбекова қазір екі баласынан немере сүйіп отырған бақытты әже. Жуырда ол «Құрметті донор» атағымен марапатталған.
 
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=1385370
Пікірлер

Көрші сілтемелер