Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Өзбекстанда коронавирусқа қарсы вакцина 3 рет егіледі



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 10:00 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/ozbekstanda-koronaviruska-karsy-vakcina-3-ret-egiledi_a3773715


Өзбекстанда коронавирусқа қарсы вакцина 3 рет егіледі

ТАШКЕНТ. ӨзА - ҚазАқпарат - Өзбек-қытай ғалымдары бірлесіп жасаған ZF-UZ-VAC2001 вакцинасы үш рет егіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат ӨзА-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Алексей Цой Қарағандыда шығарылып жатқан вакцинаға қатысты пікір білдірді Қазақстандықтар электронды үкімет порталы арқылы вакцина салдыруға өтінім бере алады Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаны қанша адам алды

Өзбекстан мен Қытай ғалымдары бірлесіп жасаған ZF-UZ-VAC2001 вакцинасын үш рет қабылдағаннан кейін азаматтар толық вакцинацияланған болып саналады.

Санитарлық-эпидемиологиялық және қоғамдық денсаулық сақтау қызметі басшысының орынбасары Батыр Қурбановтың елдегі вакцинация жағдайы туралы БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.

Оның айтуынша, Өзбекстанда 3-кезеңдік клиникалық сынақтардан сәтті өткен Қытайдың «Zhifei Longcom Biopharmaceutical Co. Ltd» компаниясы мен өзбек мамандары бірлесіп жасаған ZF-UZ-VAC 2001 вакцинасы азаматтарға үш рет егілгенде олар толық вакцинацияланған болып саналады. Ал, AstraZeneca вакцинасын екі қабылдау керек.

Азаматтар қай вакцинаны алуын өзі таңдай алады.

Қазіргі уақытта Өзбекстан аумағындағы жаппай вакцинация аясында 1,66 млн доза мөлшердегі вакцина қолданылуда.

Соңғы дерек бойынша Өзбекстанда вакцина алғандардың жалпы саны 49 мыңға жеткен.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1385352
Пікірлер

Көрші сілтемелер