Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Назар аударыңыз: конкурс!



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 09:18 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/270941-nazar-audarynhyz-konkurs!


«Egemen Qazaqstan» газетінің жас журналистерге арналған «Үміт» конкурсына қатысу

ЕРЕЖЕСІ

 

1. Жалпы ережелер

1.1. Байқауды ұйымдастырушы – «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ. Орналасқан мекен­жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, 010000, «Егемен Қазақстан» газеті көшесі 5/13.

1.2. Конкурстың мақсаты – жас журна­листерді кәсіби тұрғыдан ынталандыру, олардың кәсіби біліктіліктерін көтеру.

1.3. «Үміт» конкурсы жылына 1 рет, журналистердің кәсіби мерекесіне орай – 7-10 сәуір аралығында жарияланады.

1.4. Конкурсқа 18 бен 35 жас аралы­ғын­дағы журналистер қатыса алады.

1.5. Үміткерлердің материалдары конкурс жарияланған күннен бастап, 1 ай мер­зім ішінде қабылданады.

1.6. Конкурстың тақырыбы жыл сайын өзгеріп тұрады және оны «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ редакция алқасы бекітеді.

1.7. Конкурсқа келіп түскен материалдарды «Egemen Qazaqstan» газетінің редакция алқасынан құралған комиссия (бұдан әрі – конкурстық комиссия) бағалайды.

 

2. Конкурсқа қатысу шарты

2.1. Конкурсқа «Egemen Qazaqstan» газе­тінде және Egemen.kz сайтында жа­рия­ланған хабарландыруда ұсынылған та­қырыпқа сәйкес келетін тақырып аясында жазылған және «Үміт» конкурсына» деген айдар қойылған материалдар қабылданады.

«Үміт» сыйлығы биыл «Тәуелсіздік – тұ­ғырым» деген тақырып аясында соңғы отыз жылдың ең елеулі кезеңдерін қозғауы тиіс.

2.2. Конкурсқа арналған материалдар Times New Roman 14 шрифтімен 1,5 ин­тервалында жазылып, көлемі 3,5 беттен аспауға тиіс. Сапалы суреттерімен жіберілсе, құба-құп.

2.3. Конкурсқа жіберілген материалдар мен суреттер бұрын басқа басылымдарда жарияланбаған болуы керек. Бұл орайдағы жауапкершілік авторға жүктеледі.

2.4. Конкурсқа арналған материалдар info@egemen.kz электронды байланыс желісіне «Үміт» конкурсына» деген айдармен жіберілуі қажет.

 

3. Конкурс қорытындысы

3.1. Конкурстық комиссия конкурс қо­рытын­дысын материал қабылдау аяқтал­ған күннен бастап, 1 (бір) апта ішінде шығаруға міндетті.

3.2. Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес, 1, 2, 3-орындар жүлделі орын ре­тінде белгіленеді. Олардың әрқайсысына: 1-орынға – 300 000 теңге, 2-орынға – 200 000 теңге, 3-орынға – 150 000 теңге ақшалай сыйлық және арнайы кәдесыйлар тапсырылады;

Қосымша ынталандыру сыйлығы Кон­­курстық комиссияның ұсынысымен та­ғайын­далуы мүмкін.

3.3. Конкурс жеңімпаздары журналис­тердің кәсіби мерекесі қарсаңында марапатталады.

Марапаттау рәсімі өтетін орын қосымша жарияланады.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1385325
Пікірлер

Көрші сілтемелер