Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Күн электр стансасының құрылысы аяқталды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 09:15 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/270939-kun-elektr-stansasynynh-qurylysy-ayaqtaldy


Жобаны ресейлік «Хевел» компания­сының еншілес кәсіпорны «Хек-Кт» ЖШС іске асырды. Аталған станса күнді бақылау жүйесі бар жоғары тиімді күн модульдерімен қамтылған. Бұл жүйе фотоэлектрлік жүйе орналасуының статистикалық әдісімен са­лыстырғанда электр энергиясын өндіруді орта есеппен 20-25%-ға арттыруға мүмкіндік береді. КЭС құрылысы кезінде 100-ге жуық адам тартылып, 10 тұрақты жұмыс орны құрылды.

Былтыр «Хевел» компаниялар тобы Алматы облысында «Қапшағай» КЭС-ін (3 МВт) және «Сарыбұлақ» КЭС-ін (4,95 МВт) салған болатын. Аталған ұйым осы жылдың бірінші тоқсанында Шымкентте «Шымкент» КЭС-ін (20 МВт), Түркістан облысындағы «Кентау» КЭС-ін (50 МВт) және Қызылорда облысындағы «Жаңа­қорған» КЭС-ін (10 МВт) пайдалануға берді.

Инвестор сәуір айының соңына дейін Түр­кіс­тан облысында Шоқтас КЭС-ін (50 МВт) және Күшата КЭС-ін (10 МВт) пайда­ла­ну­ға беруді жоспарлап отыр. Бұл нысандарда негізгі жұмыстар аяқталып, іске қосу-жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Осылайша, Қазақстанның оңтүстігінде «Хевел» компаниялар тобы жобаларының жиынтық қуаты 148 мегаватты құрайтын болады. 2020 жылғы қазандағы жағдай бойынша Қазақстандағы топ жобаларының жалпы көлемі 248 мегаватқа жетіп отыр.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1385323
Пікірлер

Көрші сілтемелер