Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Шоқан еңбектері – ағылшын тілінде – Астана Ақшамы



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 09:00 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/shoqan-engbekteri-aghylshyn-tilinde/


Шоқан еңбектері – ағылшын тілінде – Астана Ақшамы

Тәуелсіздігіміздің отыз жылдық мерекесі аясында Ұлттық академиялық кітапхана Қазақстанның Біріккен Ұлыбритания Корольдігіндегі елшілігімен бірлесіп, британдық жазушы-журналист Ник Филдингтің «Шоқан Уәлихановтың таңдамалы еңбектері» және «Ұлы дала саяхатшылары» атты кітаптарының халықаралық онлайн-таныстырылымын өткізді.Ник Филдинг біздің елге бірнеше мәрте келген. Бұдан бұрын қаламгердің ертеде қазақ жеріне табаны тиген ағылшын саяхатшылары Томас пен Люси Аткинсонның ұрпақтары туралы жазған кітабы шыққан болатын.
Жазушы ұлы ғалымның тарихи-этнографиялық зерттеулерін ағылшын оқырмандарына алғаш ұсынып отыр. Алматыдағы Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнография институтымен ынтымақтас­тықта жарық көрген бұл жинақта Шоқан бабамыздың Орталық Азияның географиясы, тарихы, этнографиясы мен экономикасы жайындағы аса маңызды ғылыми еңбектері топтастырылған. Ардақты тұлғаның 1865 жылы Лондонда жарияланған жинақтарда тек төрт эссесі аударылған екен. Міне, содан бері 150 жыл сырғып өтіпті. Осы жылдардан кейін тұғырлы тұлғамыздың еңбектерінің ағылшынға аударылуы айтарлықтай оқиға деуге болады.
Сонымен бірге автордың «Ұлы даладағы саяхатшылар: папалық елшілерден орыс революциясына дейін» атты жаңа кітабы Азияны мекендеген елдер үшін маңызы зор еңбек деуге болады. Мұнда әлемге мәлім зерттеушілердің, есімдері ұмыт қалған саяхатшылардың әңгімелері жинақталған. Олардың саяхат барысындағы қиындықтары, жетістіктері мен сәтсіздіктері толық сипатталған. Кітап түрлі түсті иллюстрациялық суреттермен, карталармен сипатталған.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1385313
Пікірлер

Көрші сілтемелер