Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Медициналық мекемелер қызметіндегі кемшіліктер



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 08:42 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/270929-meditsinalyq-mekemeler-qyzmetindegi-kemshilikter


Медициналық қыз­мет сапасын бақылау бөлі­мінің жетекшісі Әсем Ма­напбаеваның айтуынша, кемшіліктің басым бөлігіне консультативтік-диагностикалық көмек көрсететін клиникалар та­рапынан жол берілген. Жалпы, консультативтік-диагностикалық көмек бо­йынша 4,5 мың қызмет түрлі кемшілікпен көрсетілген. Нәтижесінде, 7,1 млн теңге қай­тарылып алынды.

Ақаумен көрсетілген 1,5 мың қызмет – стационар­лар мен стационарды алмастыратын көмек ұйымдарына тиесілі. Атал­ған кемшіліктер үшін бұл кли­ни­калар 321,8 млн теңге айыппұл төледі. 

Ал емханалар 343 қыз­метті кемшілікпен көрсет­кен. Мони­торинг нәтиже­сінде 6 млн теңге Қорға қай­тарылды.

«Мониторинг барысында анық­талған кем­шіліктердің дені емдеу-диагностика барысын­да белгіленген стандарттардан ауытқу, ме­дициналық құ­жат­­тарды дұрыс толтырмау, қыз­мет бағасын негізсіз өсі­ру сынды олқылықтарға келіп сая­ды. Сонымен қатар, «көрсе­тіл­ді» деп жазылған белгілі бір қызмет түрлерінің шын мә­нінде көрсетілгенін растай алма­ған клиникалар да бар», деді Ә.Манапбаева.

МСҚ көрсетілген қызмет сапасына тұрақты бақылау жүргізіп отырады. Бүгінде дәрігер кө­ме­гіне жүгінбеген адамды «қа­былдауда болды» деп жазу мәсе­лесі жұрт­шылық арасында өзекті мәселеге айналғаны бел­гілі. Биыл­ғы қаңтар-ақпан ай­­ларында филиал мамандары азаматтар­дан түскен арыз-шағымдар нәтижесінде осын­дай 57 фактіні анықтап, ем­хана-амбулатория дең­гейін­де жүргізілген мониторинг барысында медицина ұйымдарына 1,4 млн теңге айыппұл салды.

Қайтарып алынған қара­жат медициналық көмек­тің өзге түрлеріне жұмсалады.

Естеріңізге сала кетсек, Алматыда 182 медицина ұйымы тегін медициналық кө­мек және МӘМС пакет­тері шең­берінде қыз­мет көрсетеді. Олармен 2021 жылға бекі­тілген келісім­шарттың жал­­пы сомасы 180,8 млрд теңгені құрап отыр.

 

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1385303
Пікірлер

Көрші сілтемелер