Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Назар – Арктикада



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 08:39 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/270931-nazar-–-arktikada


Арктика өңіріне қызығушылық танытатын елдер қатары көп. Солардың ішінде Ресей әрекеттерін жіті бақылап отырғаны – АҚШ екені белгілі. Бұл жолы да Пентагон қорғаныс мәселесіне келгенде үнсіз қалмады. Брифингтердің бірінде АҚШ-тың Қорғаныс министрлігі Ресейдің Арктикадағы белсенділігін мұқият бақылап отырғаны айтылды. «Арктика аймағының әскери мекенге айналғанын ешкім қаламайды» деген Пентагон өкілі Джон Керби аймақтың америкалық қорғаныс жүйесінде тактикалық тұрғыдан маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Оның айтуынша, Ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан алғанда аймақ АҚШ үшін аса маңызды.

Осыған дейін Ресейдің Арктикада бұрын-соңды болмаған әскери күш жинап, жаңа қару түрлерін сынап жатқаны айтылған-ды. Ресейдің қорғаныс саласындағы әрекеттеріне алаңдаушылық танытып отырған мамандар алдағы жағдайды болжау қиын екенін алға тартады. «Орыстар әдетте жаңа қару-жарақ түрлерін сынау, GPS сигналдарын өшіру, жаттығу үшін әуе және теңіз жолдарын жауып тас­тау немесе Арктиканың үстінен бомбалаушыларды ұшыру арқылы хабарлама жеткізуге тырысады», дейді АҚШ-тың билік өкілдері.

Алайда Ресей барлық әрекеттері бейбітшілік пен экономикалық дамуға бағытталған дегеннен қайтпайды. Күні кеше Ресей басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков елдің Арктикадағы әрекетіне әскери құрылыстың бір элементі деген баға берді. Ол аймақтың экономикалық әлеуеті жыл са­йын артып келе жатқанын айтып, өңірді дамытудың кешенді жоспары орындалып жатқанын жеткізді.

Сондай-ақ ол америкалық әріптестерінің алаң­даушылығына қатысты «АҚШ-тың өзі Арктикадағы әскери бақылауын азайтқан емес» деп жауап берді. Песков Ресейдің қазіргі әрекеті АҚШ-тың Арктикаға деген ерекше назарына сай келетінін алға тартты.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1385301
Пікірлер

Көрші сілтемелер