Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Сәуірде 2 млн азамат екпемен қамтылмақ



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 08:30 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/270928-sauirde-2-mln-azamat-ekpemen-qamtylmaq


Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «EQ»

«Коронавирусқа шалдығу Шым­­кент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында, Ақтөбе мен Алма­ты облыстарында өсіп жатыр. Науқастанғандардың жалпы санының 63 пайызы Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларының, Алматы облысының тұрғындары. Алматы қаласында ақпанда тәулігіне 100 жағдай тіркелсе, сәуірде 600 жағдайға дейін жетті. Нұр-Сұлтан қаласында ақпанда тәулігіне 100 жағдай болса, сәуірде 500 жағдайға дейін артып отыр», деді министр.

Сонымен қатар ол Алматы облысында коронавирус жұқтыру көрсеткіші ақпандағы 70 жағдайдан сәуірде тәулігіне 270-ке жеткенін айт­ты. «Эпидемиологиялық жағ­дай матрицасына сәйкес, Қазақ­стан Республикасы бір апта бойы тәуе­келі жоғары, яғни «қызыл аймақта» тұр. Сонымен қатар тәуекелі жоғары аймақта еліміздің 7 өңірі бар. Бұл Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары, Батыс Қазақ­стан, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды және Ақмола облыстары», деді А.Цой.

Ведомство басшысы корона­ви­русқа қарсы вакцинаның бірінші және екінші компоненті қанша адам­ға салынғанын да тілге тиек етті.

«Коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау жалғасып жатыр. 1 сәуір­ден бастап вакциналауға жата­тын тұлғалар санаты кеңей­тілді. Бүгінде вакцинаның компо­нентімен 217 070 азамат, ал екінші ком­понентімен 79 541 азамат егіл­ді. Мың тұрғынға шаққандағы көр­сеткіш 11,5 болды. Оның ішінде медицина қызметкерлерінің 40, педагог­тердің 17, күштік құры­лымдардың 7,7 пайызы, меди­циналық-әлеуметтік мекемелердегі қызметкерлердің 0,5 пайызы екпе алды», деді министр.

Оның сөзінше, екпе алған адамдардың 0,8 пайызында уақыт­ша дене қызуының көтерілуі сынды белгілер байқалды. Сәуірде ек­пе алуға тиісті контингенттің 24,4 пайызын немесе шамамен 2 млн азаматты екпемен қамту жос­парланып отырғанын да жеткізді.

«Қазақстанда өндірушілермен жүргізілген келіссөздерді ескере отырып, бірінші жартыжылдықта 6 млн-нан астам вакцина дозасын қабылдау жоспарлануда, бұл тиісті контингенттің 64%-ын қамтуға мүмкіндік береді. Бұл көлем КВИ-ға қарсы вакциналауға жататын контингентті және өтеусіз негізде вакци­налауға ниет білдірген адам­дардың қолжетімділігін барынша кеңей­туге мүмкіндік береді», деп атап өтті министр.

Ұйымдастырылған ұжымдарда және адамдар көп жиналатын жерлерде вакциналау жүргізу үшін Алматы қаласында жылжымалы егу пункттері іске қосылады. Эпи­демияға қарсы күрес пен іскерлік белсенділік арасындағы теңгерімді сақтау мақсатында елде цифрлық технологиялар белсенді енгізілетін болады. Сөйтіп, вакцина алған тұлғалар туралы есепке алу және мониторинг жүргізу үшін «Антиковидті паспорт» әзір­ленген. Бүгін Денсаулық сақтау министрлігі «электрондық үкімет» порталында «вакциналауға жазылу» қызметін іске қосуды жоспарлап отыр.

Ол үшін азамат «электрондық үкімет» порталына авторизация­лануы және өтінім беруі қажет, онда тек тіркеу аймағы бойынша меди­циналық ұйымды көрсету қажет болады, содан кейін өтінім меди­циналық ұйымға бөлуге/қарау­ға түседі. Медициналық ұйым вакцина жүргізу уақытын көр­сете отырып, өтінімдерді бөле­ді. Таратылғаннан кейін азамат «электрондық үкімет» порталында медициналық ұйымға баратын күнді және уақытты көреді, сондай-ақ қосымша SMS хабарлама алады.

Сонымен қатар министр дәрілік зат­тармен және медициналық бұйым­дармен қамтамасыз ету мәсе­лесіне тоқталды.

«Бүгінде еліміз дәрілік зат­тар мен медициналық бұйым­дар­дың қажетті көлемімен толық қамтамасыз етілген. Ауруха­на­лар­да КВИ-дан емдеуге арнал­ған­ дәрілердің айлық қоры, «СҚ-Фармация» қоймаларында және дәріханаларда – екі айлық қоры қалыптастырылған. Барлық өңірлерде 18 млрд теңгеге дәрі-дәрмектердің тұрақтандыру қорлары құрылды. Медициналық ұйымдар жеке қорғану құрал­дарымен толық қамтамасыз етіл­ген, өңір әкімдіктерінің 3 айлық қоры бар. Республика бойынша ке­шегі күнгі жағдай бойынша COVID-19 оң нәтижесімен 258 917 науқас және КВИ минуспен 50 955 жағдай тіркелген. КВИ+ бар 228 089 науқас және КВИ-мен ауыратын 49 290 науқас сауығып шықты.

Айта кететін жайт, респуб­лика бойынша КВИ-мен ауыратын нау­қастарға медициналық көмек көрсету үшін Республикада 29 189 төсек-орын қоры бар 276 ин­фек­циялық стационар жұ­мыл­­дырылды. Инфекция­лық стационарлардың жұмыс­пен қам­тылуы – 36%-ды, реанима­циялық стационарлардың жұмыспен қамтылуы – 23%-ды құрайды. Ин­фекциялық төсектердің ең көп жүктелуі Нұр-Сұлтан қаласында (71%), Батыс Қазақстан облысында (68%), Алматы облысында (57%), Алматы қаласында (51%) байқалады.

«Министрлік төсек қорының жұмыспен қамтылуын өңірдің әрбір медициналық ұйымының деңгейіне дейін мониторингтеудің электрондық жүйесін әзірледі, бұл қосымша стационарлардың уақтылы әрекет етуіне және өріс­теуіне мүмкіндік береді. Өңірлерде инфекциялық төсектерді өрістету жоспары бар, жұмыс істеп тұрған инфекциялық стационарлардың жүктемесі 70%-ға жеткенде ин­фекциялық төсектердің резерві 51 мыңнан 60 мыңға дейін ұлғай­тылды, резервтік объектілер тартылатын болады, бұл ретте жоспарлы мамандандырылған медициналық көмек көрсету жалғасады», деді Денсаулық сақтау министрі.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1385298
Пікірлер

Көрші сілтемелер