Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Уақытты да, қаржыны да үнемдейтін үкімет



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 08:18 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/270924-uaqytty-da-qardgyny-da-unemdeytin-ukimet


«100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында құрылған «Азаматтарға ар­налған үкімет» мемлекеттік кор­по­рациясының басты мақсаты − ха­­лыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіріп, қызмет көрсету уақытын мей­лінше қысқарту, осылайша аза­маттардың уақытын да, қаржысын да үнемдеу.

Қазір елімізде 339 халыққа қыз­мет көрсету орталығы (ХҚО), 442 бэк-офис, 21 цифрлық қыз­мет көрсету орталығы, 32 маман­данды­рылған ХҚО және 69 мобильді ХҚО бар. Мемлекеттік қызметтердің дені ха­лыққа қызмет көрсету орталықтары, яғни фронт-офистерде көрсетіледі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бас­қарма төрағасы Әділ Қожықовтың айтуынша, бэк-офистер жылжымайтын мүліктің техникалық сипаттамасы мен жер кадастрын жүр­гізеді, жердің топырағы мен агро­химиялық зерттеуін жасайды, зей­нетақылар мен жәрдемақыларды есептейді. Ал мобильді ХҚО мүм­кіндігі шектеулі жандардың үйіне және шалғай елді мекендердің тұр­ғындарына қызмет көрсету үшін құ­рылса, мамандандырылған ХҚО автокөліктерді тіркейді және жүр­гізуші куәлігін берумен айналысады. Бұған қоса, мемлекеттік қыз­мет көрсетудің жай-жапсарын түсін­ді­ретін және әлеуметтік мәселелер жө­нінде бірыңғай байланыс орта­лықтары жұмыс істейді. Бүгінде Аза­маттарға арналған үкіметтің 22 мыңнан астам қызметкері мемлекет­тік қызмет көрсету саласын одан әрі дамытып, халыққа ыңғайлы жағдай жасау жолында еңбек етіп келеді.

Корпорация «Цифрлы Қазақ­стан» бағдарламасы аясында бір­шама жұмыстарды қолға алып, мем­лекеттік қызмет көрсету саласын цифр­ландыру бойынша бірқатар бастамаларды жүзеге асырды. Тек 2019 жылдың өзінде 27,3 млн қызмет көрсетілсе, оның 8,2 млн-ы электронды нұсқада ұсынылған. Соның ішінде мамандандырылған ХҚО арқылы – 2,7 млн, Миграциялық ХҚО-да 246 мың қызмет көрсетілген. Ал мобильді азаматтар базасында 7,6 млн адам тіркелсе, берілген ЭЦҚ саны − 7,8 млн.

Өткен жылдары еліміздің барлық аймағында Digital орталықтардың ашылуымен есте қалды. Алдымен еліміздің ірі мегаполистері – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында, сосын жыл аяғына дейін барлық облыс орталығында ашылған цифрлық ХҚО-да мем­лекеттік қызметтер толықтай автоматты жүйеге көшті. «Бұл жұмыс процесіне операторлар қатыспайды. Компьютерде орнатылған зияткерлік көмекшілер мемлекеттік қызметті өз бетінше алып жатқан азаматтар үшін айти-кеңесші қызметін атқарады. Жұртшылық қоғамдық орындарда, «Connection point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында және арнайы стенд-павильондарындағы планшеттер арқылы өздері электронды өтініш бере алады», дейді Ә.Қожықов.

Басқарма төрағасының сөзінше, цифрлы заманға сай қызмет көрсету және клиенттердің цифрлы дағдысын қалыптастыру мақсатында дәстүрлі фронт-офистерді 60/40 қағидасы бойынша трансформациялау қолға алынған. Соның нәтижесінде қазіргі таңда еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтарында қызметтің 60%-ы − «Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында, ал 40%-ы операциялық залда жүзеге асырылады. «Елімізде Миграциялық халыққа қызмет көрсету орталықтарының ашылуы да елеулі жаңалықтардың бірі болды. Бұл орталықтарда көші-қонға байланысты мемлекеттік қызметтерді шетелдік азаматтар «бір терезе» қағидаты бойынша ала ала­ды. Сонымен қатар Шымкент, Орал және Атырау қалаларында за­манға сай жабдықталған Маман­дандырылған ХҚО-лардың ашылуы да – мемлекеттік қызметті алуды жеңілдететін жетістіктердің бірі», дейді Ә.Қожықов.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласын цифрландыру бағытында көптеген жобалар енгізілген. Соның ішінде озық цифрлық технологияларды қолдану шеңберінде азаматтың биометриялық деректері негізінде мемлекеттік қызметтерді көрсету технологиясын атап өтуге болады. Бұл қанатқақты жоба арқылы электронды қызметтерге неғұрлым оңай қол жеткізуге, жеке деректердің қа­уіп­сіздігін жоғары деңгейде сақ­тауға болады.

Цифрлы жобалардың қатарында жылжымайтын мүліктің электронды техникалық паспортын онлайн ресімдеу, «Анықтамасыз қызмет» (Paper free), телеграм-бот, видеоқоңырау, SMS-хабарлама жолдап зейнеткерлікке шығу, көпбалалы аналарға жәрдемақы тағайындау сынды проактивті қызметтер де бар.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «бір терезе» ұғымынан «бір өтініш» қағидатына қадам басты. Бұл салада бірнеше қызметті бір мезгілде алу, яғни композиттік қызметтерді енгізу қарқыны күшейген. Мәселен, жер учаскесіне қатысты төрт түрлі қызмет «Мемлекеттік жер кадастрының мә­ліметтерін беру» деген атаумен бір мемлекеттік электрондық қыз­метке шоғырланған. Тағы бір мысал, мүгедектікті белгілеген жағ­дайда медициналық-әлеуметтік сарап­таманың шешімі бірден элек­трондық үкіметтің порталына ке­ліп түседі де осы мәліметке сәй­кес мемлекеттік корпорация жәр­демақы тағайындайды, ал жергілікті атқарушы орган қажетті көмектерді (мүгедектерге арналған арба, тифло­құрал, т.б.) берумен айналысады. Осылайша, қазақстандықтар екі мекеменің арасында уақытын кетіріп жүрмей, 67 құжаттың орнына 7 құжатты ғана жинауға мүмкіндік алды. Бұл қызметтің экономикалық тиімділігі жылына 74,5 млн теңгені құрайды екен.

− Мемлекеттік қызметтерді про­активті түрде ұсыну – азаматтарға тиімді қызметтің бірі. Мұндай қо­лайлы проактивті қағиданы ТМД елдері бойынша алғашқы болып Қазақстан енгізді. Мысалы, бала туу бойынша мемлекеттік қызметтер кешенін проактивті тәсілмен ұсыну жобасында жас босанған ана баласына туу туралы куәлік алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына барып жүрмейді. Оның телефонына арнайы SMS-хабарлама келеді. Онда дүниеге келген нәрестенің аты-жөнін, жәрдемақыларды тағайындау үшін шот нөмірін және балабақшаға кезекке қою үшін мекенжайын көр­сету жөніндегі ұсыныс жазылады. Босанған әйел хабарламаға жауап берсе болғаны, баланың құжаты дайын болады. Азамат ХҚО-ға тек дайын құжаттарды алып кету үшін ғана барады немесе үйге жеткізіп беру қызметін пайдалана алады, − дейді Ә.Қожықов.

Сонымен қатар азаматтарға ке­ңес беруге арналған телеграм-бот, құ­жаттың дайындығы туралы SMS-ха­барлама, ЭЦҚ-сыз 30 элек­трон­ды мемлекеттік қызмет алу, сөй­леу және есту қабілеті төмен аза­мат­тарға арналған сурдоаударма, дайын болған жүргізуші куәлігін кез келген фронт-офистен алу, зей­нет­ақы төлемдерін алдын ала есептеу, бала туу, некені бұзу, қайтыс болу сияқ­ты азаматтық хал актілерін тір­кеу қызметтерін жеделдетілген тәрт­іпте беру сияқты қанатқақты жоба арқылы азаматтар ресімдеуге бір­неше күн кететін құжаттарды үш сағат­тың ішінде алу мүмкіндігіне ие болды.

Бүгінде түрлі мемлекеттік ор­гандардың құзырындағы бірқатар функцияларды Азаматтарға арналған үкімет атқара бастағанынан ел ха­бар­дар. Айталық, заңды тұлға­лар­ды мемлекеттік тіркеу және ком­мер­циялық ұйымдардың филиал­дары мен өкілдіктерін есептік тіркеу, аза­маттарды тұрғылықты жері бо­йынша тіркеу, жылжымайтын мү­лік­ке құқықтарды тіркеу сынды қыз­меттерді жұртшылық қазір осы кор­порация арқылы алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және бақылауды күшейту үшін Ахуалдық орталықты дамыту шеңберінде жасанды интеллект пен «Chat-bot» виртуалды кеңесшілері енгізілгенін де ел біледі. Мемлекеттік корпорация «Big data» деректерінің ауқымды көлемін жинақтап, оларды өңдеп, талдап, мемлекеттік қызметтерді одан әрі жетілдіру мәселелеріне басымдық беріп келеді.

Сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тарихындағы елеулі оқи­ғалардың бірі – мекенжай анық­тамасының жойылуы. Жыл сайы­н ХҚО-лар арқылы 20 млн-нан астам анықтама берілсе, соның жартысы мекенжайға қатысты болатын еді. Кейін бұл анықтама келмеске кетіп, қазақстандықтардың уа­қы­тын үнемдеді. Енді корпорация аза­маттардың уақытын ғана емес, бюд­жетті де үнемдеу үшін анық­та­малардың тағы 28 түрін қыс­қартуды ұсынып отыр.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1385291
Пікірлер

Көрші сілтемелер