Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ғазиз Байтасов ескерткіші ашылды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 08:12 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/270922-ghaziz-baytasov-eskertkishi-ashyldy


Ескерткіштің ашылу салтанатына қатысқан Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Ғазиз Байтасов міндетіне адалдық пен көзсіз ерліктің символы болып қала беретінін айтса, еліміздің Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров тәуелсіздік жылдары қызмет бабында құқық қорғау ор­гандарының 800-ге жуық қыз­меткері көз жұмғанын, Та­раз қаласында ашылған бұл ес­керткіш азаматтардың қауіп­сіз­дігі жолында қаза тап­қандарға жасалған тағзым екенін жеткізді. Шара барысын­да қызмет бабында қайтыс бол­ған азаматтарды еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланып, үш мәрте автоматпен салют берілді.

Бұдан кейін облыстық мәслихаттың хатшысы Мах­метғали Сарыбеков Бауыр­жан Момышұлы мен Ғазиз Байтасовтың ерліктерін байланыстырса, облыстық полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов Ғазиз Байтасовтың ерлігі барлық полицейлер үшін үл­гі екенін айта келіп, батыр есімі ұмытылмайтынын және ерлікпен көз жұмған поли­цейдің отбасына жан-жақты қолдау көрсетіліп отырғанын жеткізді. Сондай-ақ, батырдың жесірі Гүлжамал Тәжиева Ғазиз Байтасовты еске алуға арналған шараларға үнемі ша­қырту алатынын айтып, ол үшін ризашылығын жеткізіп, ол бар­лық қазақстандықтар үшін батыр болып қала беретінін атап өтті.

Шара соңында Халық қаһар­­маны Ғазиз Байтасовтың ескерт­кішіне гүл шоқтары қойылды.

 

Жамбыл облысы

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1385287
Пікірлер

Көрші сілтемелер