Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Армения ресейлік КВИ-ге қарсы вакцинаны мол көлемде сатып алуды көздеп отыр



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 08:10 - 2021/04/08

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/armeniya-reseylik-kvi-ge-karsy-vaktsinany-mol-kolemde-satyp-aludy-kozdep-otyr


Армения ресейлік коронавирусқа қарсы вакцинаны мол көдемде сатып алудан үмітті. Елге миллионнан астам доза қажет.

Бұл туралы РФ Президенті Владимир Путинмен кездесуі барысында Армения Республикасының Премьер-Министрі Никол Пашинян мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

7 сәуірде Арменияның Премьер-Министрі Никол Пашинян жұмыс сапарымен Ресейге барды. Кремльде РФ Президенті Владимир Путинмен кездесу барысында Никол Пашинян Армения ресейлік вакцинаны көп мөлшерде сатып алудан үмітті екенін айтып, вакцина өзінің тиімділігін іс жүзінде дәлелдегенін атап өтті. 

«COVID-19 пандемиясына қарсы тұру үшін өте тығыз жұмыс істедік. Біз ресейлік вакцинаның көп мөлшерде сатып аламыз деп үміттенеміз. Өйткені іс жүзінде ол өзінің тиімділігін дәлелдеді. Арменияның бұл вакцинаны сатып алу мүмкіндігі болуы біз үшін өте маңызды»,-деді келіссөздер басталар алдында Никол Пашинян.

Премьер-Министрдің айтуынша, 15 мың доза көлемінде ресейлік вакцинаның алғашқы партиясы Арменияға ертең келеді. Сонымен қатар, Армения үкіметінің басшысы Арменияға миллионнан астам доза вакцина қажет екенін баса айтты. 

Өз кезегінде Ресей президенті Владимир Путин Армения премьер-министріне ресейліктерге зиян келтірмей, Арменияға қажетті мөлшердегі вакцинаны жіберу мәселесін шешуге уәде берді.

«Бұл мәселені шешеміз деп ойлаймын. Ресей азаматтарына, ресейлік тұтынушыларға зиян келмейді. Өндіріс көлемін ел ішіндегі қажеттілікпен салыстыруға болады. Сонымен қатар өндіріс көлемі өсіп келеді. Сондықтан біз бұл мәселені талқылайтын боламыз», - деп жауап берді Владимир Путин.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1385286
Пікірлер

Көрші сілтемелер