Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қарағанды облысында жастар тәжірибесіне өтінімдер қабылдау басталды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 07:30 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/karagandy-oblysynda-zhastar-tazhiribesine-otinimder-kabyldau-bastaldy_a3773650


Қарағанды облысында жастар тәжірибесіне өтінімдер қабылдау басталды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында жастар тәжірибесіне өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысында коронавирусқа қарсы вакцинация қалай жүріп жатыр Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Қазақстанда ІТ-мамандарын дайындау саласында қандай жетістіктерге қол жеткізілді Балқаш жастары балаларға ағылшын тілін тегін үйретеді

Орта кәсіптік, техникалық және жоғары оқу орындарының 2019, 2020 және 2021 жылғы түлектері жастар тәжірибесіне шақырылады. Тәжірибеге жасы 29-дан аспаған, соңғы үш жыл аралығында оқуын бітірген, жұмыссыз жүрген жастар қамтылады.

Жастар тәжірибесі мерзімінің ұзақтығы – 6 айдан аспайды.

Ай сайынғы жалақы көлемі 25 АЕК құрайды.

Жастар тәжірибесіне қатысу үшін тұрғылықты орны бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына барып, өтініш тапсыру қажет. Сонымен қатар келесідей құжаттарды ұсыну керек:

– жеке куәліктің көшірмесі;

– еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болған жағдайда);

– техникалық және кәсіби, орташадан жоғары, жоғары және ЖОО-нан кейінгі білімін растайтын құжаттың көшірмесі.

Қосымша ақпарат алу үшін қалалар және аудандардағы жұмыспен қамту орталықтарына жүгіну қажет. Сонымен қатар толығырақ ақпаратты Қарағанды қаласының Жұмыспен қамту орталығының Instagram-дағы парақшасынан және (8-7212) 996-402 телефоны арқылы алуға болады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1385268
Пікірлер

Көрші сілтемелер