Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Тұрғын алаптар жайын тексерді – Астана Ақшамы



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 06:45 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/turghyn-alaptar-zhajyn-tekserdi/


Тұрғын алаптар жайын тексерді – Астана Ақшамы

Елордада абаттандырылуы тиіс аумақтар аз емес. Әсіресе, көктем кезінде, қар еріп жатқан кезеңдері бұл тараптағы кемшіліктер білініп қалып жатады. Осы мезгілде су тасқынының алдын алу қарбаласы да бар. Алматы ауданының әкімі Бектенбай Есполов пен Сарыарқа ауданының басшысы Есет Байкен аталмыш аудандардың аумақтарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстарды тексерді. Соның ішінде тұрғын алаптар жағдайымен танысты.Бектенбай Есполовқа «Оңтүстік-Шығыс» тұрғын алабының жағдайына қатысты тұрғындардан көптеген шағым мен өтініштер түскен. Аудан әкімі мердігер ұйымдардың, қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы өкілдерімен бірге Есіл, Бұқтырма және Жайық көшелерін аралап, тұрғындарымен кездесті. «Қаз­ЭнергоИнвест» ЖШС-не және тисті басқармаға қысқа мерзім уақыт ішінде анықталған кемшіліктерді жоюға тапсырма берді.
– Мұнда бірінші кезеңде жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тротуарларды тегістеп, инертті материалдарды төсеу жұмыстарын жүргізу қажет. Алдымен қардан тазартып алған жөн, – деді Б.Есполов.
Алматы ауданының әкімі Құрылыс басқармасы өкілдерін ертіп, Қордай және К.Әзірбаев көшелерінің қиылысында жылу құбырын салу кезінде қопарылған асфальтті көрді. Тиісті учаскені тез арада қалпына келтіріп, Қордай көшесіндегі істен шыққан нөсер кәріз жүйесін қалпына келтіруді тапсырды.
«Промышленный» тұрғын алабындағы Бастөбе көшесіндегі 23 және 25 үйлерді су басып жатыр. Әкім мұнда да барып, тез арада ағын суларды сорғызып, қиыршық тас төсеу жұмыстарын жүргізуге тапсырма берді. «Самғау» тұрғын үй кешенін салу кезінде су бұру жүйесі дұрыс төселмеген. Б.Есполов барлық құрылыс нормаларын сақтай отырып, қайта салу керектігін айтты. Сонымен қатар, Көкарал көшесі 34 үйдің маңындағы істен шыққан су ағызу коллекторын тексеріп, тез арада қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Сарыарқа ауданының әкімі Есет Байкен ЛПУ аумағы тұрғындарымен ауызсумен қамтамасыз ету, газдандыру, балалар алаңын абаттандыру, интернет желісінің сапасы, су тасқынының алдын алу шаралары, басқа да түйткілді мәселелерді пысықтады.
– Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасымен бірге бір ай ішінде сумен жабдықтау бойынша жобалауды аяқтау және сараптамаға жіберу жоспарлануда. Сараптама алғаннан кейін маусым айында конкурстық рәсімдер өткізіледі. Қазір аталмыш басқармамен газдандырудың үшінші кезегін жобалау жұмыстары жүргізілуде. ЛПУ-ды газдандыруды іске асыру мерзімі 2023-2025 жылдарға жоспарлануда, – дейді Е.Байкен.
Ауданда су тасқыны қаупі бар мекенжайларда арнайы техникалардың үздіксіз жұмысы ұйымдастырылды. Бүгінде 35 су сору машинасы кезекшілікпен жұмыс істеуде. Барлық ұйымдас­тырушылық мәселе шешілді.
Жалпы Сарыарқа ауданының аумағында су басудың негізгі үш аймағы бар. Бұл – «Агроқалашық» тұрғын алабындағы Абат Байтақ, Қырыққыз, Әулиеата, Бартольд, Шевченко, Шубин, Үшқара, Оғыланды, Медеу, Қарауыл, Шілікті, Қарталы, Жүнісов (Панфилов), Павлов, Майқұтов, Мыңарал көшелері. Сонымен қатар, су тасқыны кезеңінде су деңгейінің жоғарылауы нәтижесінде жеке сектордағы Медеу көшесі, 31/1, Қожахметов көшесі, 53, Оқжетпес көшесі, 19, Гагарин көшесі, 20 мекенжайларын су алуы мүмкін.
– Су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде бұл мекенжайларда су басуды болдырмауды қамтамасыз ету үшін мамандандырылған техника дайындалды. Соның ішінде мотопомпалар, МТЗ сорғылар, АС машиналар бар. 2000 текше метр инертті материал дайындалып, қазіргі таңда аталған мекенжайлар бойынша инертті материалдарды төгу жұмыстары басталды, – дейді Сарыарқа ауданының әкімі.
Қыстан кейінгі маңызды мәселенің бірі – көшелердегі жолдарды жөндеу. Сарыарқа ауданында қазіргі таңда 128 мекенжай бойынша уақытша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бұған қоса 17 көшеге асфальт төсеу жоспарлануда.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1385256
Пікірлер

Көрші сілтемелер