Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Таға июден Қазақстан рекорды жаңарды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Аламан спорт

Жолданған уақыты: 06:30 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://prosports.kz/kz/news/493991-taga-iyuden-kazakstannyn-rekordy-zhanardy



Live

Спорттағы коронавирус

Ұлттық спорт

Таға июден Қазақстанның рекорды жаңардыТаға июден Қазақстанның рекорды жаңарды

Ақмола облысында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығы орай қазақ күресінен облыстық турнир өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараға Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев және Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова, Қазақстан спортшылар Одағының төрағасы Азамат Қарлығашев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Алдымен жиналғандар Қажымұқан ауылында балуанның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Сонымен қатар, шараға жиналғандар Қажымұқанның ізбасары күш жаттығуынан әлемнің төрт дүркін рекордшысы, Қазақстанның он екі дүркін рекордшысы ақмолалық Сергей Цырульниковтың өнерін тамашалады.

Ол әр біреуі 1000 келіден астам салмаққа дес бермейтін төрт бірдей тағаны 37 секунд ішінде иіп, Қазақстанның рекордын орнатты. Рекордты Қазақстанның рекордтар кітабының өкілі Қуандық Құдайбергенов тіркеп, рекордшыға сертификатын табыс етті.

Аталмыш рекорд 2009 жылы Еуропа елінде орнатылды. Онда атлет қос бірдей тағаны 49 секунд ішінде иген болатын.

Айта кетейік, Сергей Цырульников - Ақмола облысы Шортанды ауданының тумасы. Күш өнері бойынша 4 дүркін әлемдік рекордшы, волейбол және пауэрлифтинг бойынша спорт шебері, кір тасын көтеру бойынша спорт шеберіне үміткер, қазақтың атақты балуаны Қажымұқан мен Балуан Шолақтың дәстүрін жалғастыратын бірқатар қауіпті, күрделі трюктерді орындаушы. ҚР Мемлекеттік Гвардиясының бұрынғы офицері. 2017 жылы ол әртүрлі бағыттарда төрт адам тартып тұрған аттарды көтеру арқылы өте қауіпті трюк көрсеткен болатын. Осы қойылым арқылы ол Қазақстанның рекордтар кітабына енді. 2018 жылы ол салмағы 148 тонналық машина бар дизельді тепловозды бірнеше метрге сүйреген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter

0

Төлеш Есет

Пікірлер

0

Ставкалар

Бельгия – Англия: қола жүлде кімге бұйырады

Әлем футболы

Бүгін қола жүлдегер ғана емес, турнирдің үздік сұрмергені де анықталуы мүмкін

Төлеш Есет

Хорватия – Англия: кімнің бағы жанады

Әлем футболы

Жартылай финалдың екінші матчына болжам

Төлеш Есет

Франция-Бельгия: Жұлдыздар шайқасында кімнің жолы болады

Әлем футболы

Екі алыптың айқасы!

Қуаныш Қаппас

Ағылшындар тарихында  үшінші рет 1/2 финалға өтуі мүмкін

Әлем футболы

Швеция – Англия матчына болжам

Төлеш Есет

Харри Кейн бастаған англиялықтар жеңіске жете ала ма

Әлем футболы

Бүгін Швеция мен Англия құрамалары кездеседі.

Қуаныш Қаппас

Тағы жүктеу

Блогтар

блог құру

Барлық блогтар

Тағы жүктеу



Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=21&id=1385250
Пікірлер

Көрші сілтемелер