Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Бүгін 17 қазақстандық ерлікпен қаза тапқан күн | “Адырна” ұлттық порталы



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Адырна торабы

Жолданған уақыты: 06:00 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://adyrna.kz/post/65410


Бүгін 17 қазақстандық ерлікпен қаза тапқан күн
2126

Қазақстан әскері бітімгерлік миссиямен әлемнің біраз елінде өз борышын өтеуде. Алғаш рет бітімгерлік күштері ретінде 1992 жылы 10 қыркүйекте қазақстандық 300 сарбаз Тәжікстанға аттанды. Артынша олардың саны артып, 2000 жылға дейін 10500 сарбаз Тәжікстандағы бітімгерлік миссиясын атқарды. Дәл осы елдегі соғыстан кейін Қазақстанның бтімгерлік күштеріне "Қазбат" батальоны жасақталды. Кейіннен Қазақстанның бітімгерлік күштері Иракты минадан тазартты, Африка елдерінде бейбітшілікті сақтауға атсалысты, қазір Ливан мен Батыс Сахарада тыныштық режимін бұзбау мақсатындағы миссияларға қатысуда. 

1995 жылы, 7 сәуірде тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ұрыс барысында ең үлкен әскери шығынға ұшырадық. Қазақстанның бітімгерлік күштері Тәжікстандағы арнайы миссия барысында, тәжік-ауған шекарасындағы Пшихавр тау шатқалында қоршауда қалып, қиян-кескі ұрыс жүргізді. Біздің жауынгерлер қарша бораған оқ пен жерді сілкіндіре жарылған граната, гранатометтерге қарамастан, саны ондаған есе көп содырлармен 5 сағат айқасты. 5 сағаттан кейін Ресей сарбаздары көмекке келді. Қазақстан бітімгерлік күштері тарапынан 17 сарбаз қаза тауып, 33 жауынгер ауыр жараланды. Ресей тарапынан 70-тен астам сарбаз оққа ұшты. Содырлардың шығыны бірнеше жүзге жетеді.

Қаза тапқан, ұрысқа қатысқан жауынгерлердің барлығы дерлік жоғары әскери марапаттарға ие болды. Көмекке келген Ресей тікұшағының бір ұшқышы оқиға жайлы кейіннен былай деп пікір білдірді: "Мен ұшып келгенде, төменде аз ғана топтың саны бірнеше жүзге жететін содырлармен қиян-кескі ұрыс жүргізіп, жан аямай соғысып жатқанын көрдім". Аталмыш ұрыс жайлы 2019 жылы "Қазбат" фильмі түсіріліп, көкрермендер назарына ұсынылды.

Тәжікстандағы бітімгерлік миссиясын атқару барысында жалпы жиынтығы 54 қазақстандық қаза тауып, із түссіз жоғалып кетті.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ,

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=61&id=1385245
Пікірлер

Көрші сілтемелер