Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина қанша адамға егілді?



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 04:40 - 2021/04/08

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/kazakstanda-koronaviruska-karsy-vaktsina-kansha-adamga-egildi1


ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші және екінші компоненті қанша адамға салынғанын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация жалғасып жатыр. 1 сәуірден бастап вакциналауға жататын тұлғалар санаты кеңейтілді. Бүгінде вакцинаның бірінші компонентімен 217 070 азамат, ал екінші компонентімен 79 541 азамат егілді. Мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 11,5 болды. Оның ішінде медицина қызметкерлерінің 40, педагогтердің 17, күштік құрылымдардың 7,7 пайызы, медициналық-әлеуметтік мекемелердегі қызметкерлердің 0,5 пайызы екпе алды», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында. 

Оның атап өтуінше, екпе алған адамдардың 0,8 пайызында уақытша дене қызуының көтерілуі сынды белгілер байқалды. 

«Сәуірде екпе алуға тиісті котингенттің 24,4 пайызын немесе шамамен 2 млн азаматты екпемен қамту жоспарланып отыр», - деді Алексей Цой. 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1385230
Пікірлер

Көрші сілтемелер