Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Есмағамбетова неліктен вакцинаның қос компоненті керек екенін түсіндірді



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 03:50 - 2021/04/08

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/esmagambetova-nelikten-vaktsinanyn-kos-komponenti-kerek-ekenin-tusindirdi


ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова вакцинаның қос компонентін салуға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Спутник V» вакцинасын даярлаушылар коронавируспен ауырып шыққандар екпенің тек бірінші компонентін салдыра алатынын мәлімдеді. Кейбір елдерде осындай тәжірибе ескерілген, яғни індеттен жазылғандар вакцинаның бір ғана компонентін алады. Қазақстанда мұндай мүмкіндік ескерілген бе?», - деп сұрады тілші Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Өз кезегінде Айжан Есмағамбетова вакцина тиісті бекітілген ереже бойынша жасалатынын жеткізді. 

«Арнайы ережеге сәйкес, вакцинаның қосарланған дозасы пайдаланылады, яғни бірінші және екінші компоненті қамтылған. Сондықтан біз осы ережені ұстанамыз. Жаңа мәліметтер пайда болса немесе тиісті өзгерістер енгізілсе, онда оны қарастырамыз. Жалпы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус инфекциясына қарсы екі дозаны қамтуға кеңес берді», - деді комитет басшысы. 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1385219
Пікірлер

Көрші сілтемелер