Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Лопнұр шаруалары кірісінің %60ы мақтадан келеді тяншан торы



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Тәңіртау торабы

Жолданған уақыты: 03:40 - 2021/04/08

Нақты Көзі: http://kazakh.ts.cn/system/2021/04/08/036609203.shtml


лопнұр шаруалары кірісінің %60ы мақтадан келеді

□ анар бұлт / шинжяң гәзетінің тілшілері жаң жыли, ду жянхұй, ерікті тілші чаң шуехүй

  әр күні тәңертең керім әбдүреиім қорасының қасында бұғылардың мүйізі қаншалық өскенін, сиыр, қойларының қаншалық ет алғандығын бақылап тұрады. арт жағында пикә машина, үлкен ат күшіндік трәктөр, мақта тұқымын дәлме - дәл шәшу машинасы тоқтап тұр.

  ”12 бұғы, 12 сиыр, 80 қой“. 4 - айдың 6 - күні қорасындағы бұғылар мен сиыр, қойларын санаған керімнің аңсары тұқым себуді күтіп тұрған мақта атызына қарай ауып, темперәтурәнің тез арада жоғарылап, мақта тұқымын ертерек сіңіруді ойлады. көз алдындағы бақуатты мал - мүлкі жылдар бойы мақта егуден жиналған - ды.

  керім тұрмыс кешіріп жатқан лопнұр ауданы ақсопы ауылы жидебәқ қыстағында тұрғындардың мақта еккеніне 20 неше жылдан асты. олар бұрын көптеген дақылды сынап егіп көріп, жергілікті орындағы топырақ пен климәт шарт - жағдайының мақта егуге ең үйлесетіндігін байқады. оның үстіне, мақта кірісін арттыру қиын - қыстау кезеңге өткен кезде, қашанда кеибір өзгерістер оларды қиын - қыстау жағдайдан өтіп, анағұрлым мол кіріс табуға жетелеиді.

  ”осы жылдары қыстағымызда шағын әвтөкөлік сатып алған, ғимараттан үй сатып алған шаруалар барған сайын көбеиді, бұл мақта кәсіп саласы ұшқан құстай дамыған соң, біздің ақша табу қарқынымыздың күрт тездеп, ақша табу жолымыздың көбеигендігі“, - деді керімнің көршісі няз сайым. няздың кірісті үздіксіз арттыруында тағы бір амалы бар екен: үйдегі мақта атызын кәсіпөрінғә айналымға беріп, онан соң кәсіпөріндә жұмыс істеп ақша табу.

  2020 - жылдың соңында бұл 2 көрші сол жылғы кірісті арттыру есебін жасап көрген болатын. керім көтермеге алған 160 му жерден 72 тонна мақта алып, таза кірісі мөлшермен 300 мың юан болған؛ соның алдында мақта сатудан түскен әқшәмен бағымшылықты дамытып, одан тапқан таза кірісі 100 мың юан болған. няздың үйінің 20 му жері айналымға салынғаннан кеиін, жалға беру ақысы үшін 14 мың юан алса, әйелі екеуі кәсіпөріндә мақта атызын баптап тағы 60 мың юан кіріс тапқан.

  тәкләмәкән шөлінің сөлтүстік жиегіне, тарым өзенінің орта - төмен ағарына орналасқан лопнұр ауданы мемлекет бойынша сапалы тауар мақта базасы, жылдық мақта егу аумағы бір миллион мудан асады. лопнұр аудандық ауыл шаруашылығы, ауыл - қыстақ мекемесі пәрткөмінің шужиы, мекеменің орынбасар бастығы жаң шяудұң тілшіге былай деді: егімшілік, теріп - жинап алу үлгісінде бұрылыс болуына ілесе, мақтаның лопнұр ауданындағы шаруаларға әкелген пайдасы жылдан - жылға молайды. 2020 - жылы мақтадан тапқан кірістің бүкіл аудандағы шаруалардың жан басындық таза кірісінен ұстаған салыстырмасы %60ке жетті.

  лопнұр ауданындағы ауыл шаруашылық өндіріс құрал - жабдықтары сәудәсімен ұзақ жыл шұғылданған хуаң и былай деп таныстырды: шаруалардың мақтадан тапқан кірісінің жан басындық кірістен осыншалық мол салыстырманы иелеуі мақтаны ғылми егуден, мақта кәсібінің жоғары сапалы дамуынан айрыла алмайды. 2015 - жылы суляу жарғақ жабу, жоғары өнімді су үнемдеу сяқты техникәләрдің демеуінде мақтаның орташа бірлік өнімі 450 килөгрәмғә жетті. ал осы бірнеше жылда жоғары өлшемді егінжәй құрылысы, өндірісті тұтас барыста машиналандыру, ”бесті бірлікке келтіру“ егімшілік басқару техникәсі кеибір мақта атыздарының бірлік өнімін 700 килөгрәмғә жеткізді.

  ”осы бірнеше жылда біз егімшілік құрылымын үздіксіз сапалыландырдық, мақта егу аумағын жылдан - жылға реттеп азайтып отырсақ та, өнім мөлшері біртіндеп жоғарылауда. мақта кәсіп саласының жоғары сапалы дамуының пайдасын әлдімен мақташылар көрді“, - деді жаң шяудұң. ол бір топ санды мәлімет арқылы салыстырып көрсетті: 2015 - жылы лопнұр ауданында бір миллион 200 мың му жерге мақта егіліп, орташа бірлік өнімі 380 килөгрәм؛ 2020 - жылы бүкіл ауданда бір миллион 50 мың му жерге мақта егіліп, бірлік өнімі жалпы беттік 600 килөгрәмғә жетті. 2015 - жылы бір му жерден мақта теру өзіндік құны 800 юан айналасында болса, 2020 - жылы мәшинәмен мақта теру бүкілдеи жалпыластырылғаннан кеиін, бір му жерден мақта теру өзіндік құны 160 юанға түскен.

  мақта атызында өнімділіктің артуы лопнұр ауданындағы шаруалардың мақта егу сенімін үздіксіз күшеитіп, ой желісін үздіксіз кеңеите түсті. лопнұр ауданы тарым ауылы жаңанұр қыстағындағы егімшілік ірі отбасы чян жұнхуа аббас сымайыл қатарлы мақташыларды бастап егімшілік көлемін анағұрлым кеңеитіп, қалың шаруалардың бір жағынан, жерді жалға беру қаражатын алып, енді бір жағынан, мақта егудің озық техникәсін үйреніп, жұмыстан анағұрлым көп кіріс табуына мүмкіндік жасады.

  биыл жергілікті негізгі саты кәдрләрі, ауыл шаруашылық техниктері, егімшілік ірі отбасылары, қарапайым шаруа отбасылары барлығы да мақта сапасын анағұрлым сапалыландырып, өнім мөлшерін анағұрлым жоғарылатудың амалын қарастыруда. чян жұнхуа былай деді: ғылмиланған, зерделіленген, құнтталған егу - баптау ерекше маңызды, қай уақытта суару, тыңайтқыш беру керек, әр жолы қаншалық сумен суару, әр жолы қандай тыңайтқыш қәжет, бәрін дәлме - дәл игеру керек.

жауапты редәктөр : нұрболат қабыл

ескерту:

торабымыздағы мазмұндардың меншік ұқығы шинжяң ұйғұр автономялы райондық халық үкіметі ақпарат кеңсесіне тән, жаряланған мазмұндарды сілтемесіз көшіруге болмайды. көшіріп пайдалануға тура келгенде, «тяншан торы » алынғаны анық ескертілуі тиыс, болмаса заңдық жәуәпкерлігі қузастырылады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=22&id=1385217
Пікірлер

Көрші сілтемелер