Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қызылордада жыл басынан бері карантин талабы 137 мәрте бұзылған



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 03:12 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/kyzylordada-zhyl-basynan-beri-karantin-talaby-137-marte-buzylgan_a3773618


Қызылордада жыл басынан бері карантин талабы 137 мәрте бұзылған

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жыл басынан бері карантин талабын бұзған 137 дерек анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Карантин: Түркістан облысында жыл басынан бері 48 көкпар өткен Алматыда карантин режимін бұзған тұрғындарға 93 млн теңге айыппұл салынды

Өңірде мониторинг тобының мүшелері жыл басынан бері 1904 нысанды тексерді. Нәтижесінде карантин талабын бұзған 137 дерек белгілі болды.

Карантин бұзу дерегінің көпшілігі қоғамдық тамақтану орындарында тіркелді. Атап айтқанда, персонал келушілерге жеке қорғаныш құралынсыз қызмет көрсеткен.

Караокелер мен кальяндар жұмыс жасаған. Ғимараттың толымдылығы 30 пайыздан аспауы қажет болса да, келушілердің санына шектеу қойылмаған.

Қызметіне тыйым салынса да компьютерлік клубтар жұмыс жасаған.

«Бүгінде 45 мониторингтік топ жұмыс істеуде. Топтың құрамына полиция департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың, қоғам белсенділері мен еріктілер барлығы 128 маман жұмылдырылды. Қазіргі таңда, карантин талаптары еңбек ұжымдарының барлығында бірдей сақтала бермейді. Әсіресе 8 наурыз, 22 наурыз мерекелеріне орай өткізілген ұжымдық іс-шаралар кезінде карантин талаптарын сақтамаған бірқатар ұйымдар мен мемлекеттік қызметшілерге әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес айыппұлдар салынды», - деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенова.

Сондай-ақ, бұдан бұрын Қызылордада 16 тойхана қызметін басқа бағытқа ауыстырғанын хабарлаған едік.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1385212
Пікірлер

Көрші сілтемелер