Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Алматыда карантин шарасын бұзғандарға 200 млн теңгеден астам айыппұл салынды



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 03:10 - 2021/04/08

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/almatyda-karantin-sharasyn-buzgandarga-200-mln-tengeden-astam-ayyppul-salyndy1


Алматыда жыл басынан бері карантин тәртібін бұзған 3018 адамға 202 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Спикердің айтуынша, жыл басынан бері мониторинг тобы 13 500-ден астам нысанды тексерді. Нәтижиесінде 1573 тәртіпбұзушылық анықталды. Карантин тәртібін бұзғандарға қатысты 3018 хаттама толтырылды. Айыппұлдардың жалпы сомасы 202 млн теңге.

Карантин режимін өрескел бұзушылар бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттарға 63 материал жіберілді. Сот шешімімен 39 объектінің қызметі тоқтатылған.

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары мониторинг тобы демалыссыз және мереке күндері де жұмыс істейтінін атап өтті.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1385211
Пікірлер

Көрші сілтемелер