Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Серік Қожаниязов: Балқашқа Арал тағдырын қайталау қаупі төніп тұрған жоқ



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 02:30 - 2021/04/08

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/serik-kozhaniyazov-balkashka-aral-tagdyryn-kaytalau-kaupi-tonip-turgan-zhok


Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов белгілі сарапшы, су саласының маманы Мәлік Бөрлібаевтың Балқаш көлінің тағдыры туралы мәлімдемесіне пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, Балқаш көлі экологиялық апатқа ұшырамауы үшін жыл сайын 12 текше шақырым су құйылуы керек. Мамандар көп жылғы зерттеулер нәтижесінде осындай тұжырым жасаған. 

«Қытаймен келіссөздер аясында біздің елдің ұстанымы су бөлісу кезінде экожүйені ескеру керек дегенге саяды. Осыған байланысты Қазақстан тарапы Балқаш көлін Іленің суын негізгі тұтынушы нысан деп көрсетіп жүр. Келіссөздер кезінде Балқаштың экологиялық жағдайы Іледен келетін суға тәуелді екенін айтудың бір де бір мүмкіндігін жіберіп көрген жоқпыз. 

Ғалымдар өздерінің көпжылғы зерттеулеріне сүйеніп, Балқаш көлінің аман тұруы үшін Балтық жүйесі бойынша 341 метр деңгейде сақталу керек деп топшылайды. Кейінгі 10 жылда көлдің деңгейі 340 метрден түспегенін айту керек», - дейді министрлік өкілі. 

Сондай-ақ, Добын шекаралық бекетіндегі гидроголиялық деректерді талдау кезінде Іленің көпжылдық орташа ағыны 2001-2020 жылдар алалығында 13,8 текше шақырым болғанын мәлім етті.

«Балқашқа жыл сайын 12 текше шақырым су келіп отырса, көлдің деңгейі тұрақты сақталуына кепіл бола алады. Қадірлі Мәлік Бөрлібаевтың мәлімдемесінен кейін бұл мәселе барлық әлеуметтік желілерде кешеден бері қызу талқыланып жатыр. Соларға жауап ретінде мынаны айтқым келеді. Жоғарыда өзім келтірген деректерді негізге ала отырып, «Балқашқа Аралдың тағдырын қайталау қаупі төнім тұрған жоқ» екенін айтамын. Қытай тарапымен келіссөздер кезінде Іледен кіретін судың ағынын жылына 12 текше шақырымнан кем болмау керек деген нақты ұстаным айтып келеміз. Су бұдан төмен болмаса, Балқашқа құру қаупі төнбейді», - деді министрдің орынбасары.

Серік Қожаниязов Қытай тарапы да өзінің шекарасының маңында экологиялық апат болғанын қаламайды деген болжам айтты. 

«Бұлай деуіме бірлескен комиссияның 17-отырысында Қытай тарапының келісім жобасын талқылай келіп, екі жақтағы экожүйені дамыту және сақтау туралы ұсыныстарға келісті. Бұл Балқаш көлінің экологиясы үшін маңызды», - деді вице-министр.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1385203
Пікірлер

Көрші сілтемелер