Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Депутат жетім балаларды баспанамен қамтамасыз етудегі проблеманы көтерді



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 02:10 - 2021/04/08

Нақты Көзі: http://ult.kz/post/deputat-zhetim-balalardy-baspanamen-kamtamasyz-etudegi-problemany-koterdi


Мәжіліс депутаты Вакиль Набиев жетім балаларды баспанамен қамтамасыз етудегі проблеманы көтерді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Біздің сауалға жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жеткіншектердің баспана алуда кезек пен мониторингіден өтуі рәсімімен байланысты болып отыр», - деді Набиев Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғажановтың атына жолдаған депутаттық сауалында. 

Министрліктер мәліметіне қарағанда, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша баспанаға мұқтаждар саны 2020 жылы елімізде 59 406-ны құрап, оның ішінде 876 адам, яғни 1,4 пайызы мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алды. 

«Осыған байланысты қолжетімді, пайдалануға қолайлы бірыңғай электронды база құру қажеттігі бар деп санаймыз. Онда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар өздерінің кезегі қандай тәртіппен жылжып жатқанын көре алар еді», - деді депутат. 

Бұл тұрғыда Вакиль Набиев аталған жүйе бойынша тиісті шешімдер қабылдауды ұсынды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1385197
Пікірлер

Көрші сілтемелер