Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Таразда сотталушы пробация инспекторына пара ұсынған



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 02:03 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/tarazda-sottalushy-probaciya-inspektoryna-para-usyngan_a3773638


Таразда сотталушы пробация инспекторына пара ұсынған

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда пробация қызметкеріне пара берген сотталушы ұсталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Полицияға пара бермек болған Түркістан тұрғыны ұсталды СҚО-да жүйелі түрде пара алған лауазымды тұлға ұсталды

Тараз қалалық №3 пробация қызметінің инспекторы Ринат Акышевқа 15 мың теңге көлемінде пара ұсынған азамат қолға түсті. Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР ҚК 296, 297 және 191 бабымен кінәлі деп танылып, 6 жыл мерзімге бас бостандығына шектеу жазасы тағайындалған 41 жастағы азамат пробация қызметкерінен тәртіптік жауапкершілікке тартпауын сұрап, пара бермек болған.

«Заңды бұзған азамат пробация қызметкеріне 7000 теңге көлемінде пара беру кезінде құрықталды. Алдын ала тергеу барысында ол өз кінәсін толықтай мойындады. Қазіргі таңда оған қатысты бұлтартпау шарасын таңдау және қылмыстық істі ҚІБ тәртібінде аяқтау туралы мәселе шешілуде. Айта кетейік, алдағы уақытта бұл бағытта жұмыстар өз жалғасын табады» делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Жамбылда біраз уақыт бұрын пробация қызметкеріне 5 мың теңге көлемінде пара ұсынған азамат құрықталған еді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1385196
Пікірлер

Көрші сілтемелер