Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Бұқтырмадағы көпір құрылысы 3 жылда аяқталады



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 01:51 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/buktyrmadagy-kopir-kurylysy-3-zhylda-ayaktalady_a3773627


Бұқтырмадағы көпір құрылысы 3 жылда аяқталады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Биыл Талдықорған-Үшарал жолы аяқталады Қазақстандағы жолдардың 4,7 мың шақырымында құрылыс жүріп жатыр Алматыда жаңа бордюрлер қайта ауыстырылып жатыр - әкімдік тұрғындар шағымына жауап берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Шығыс Қазақстандағы Күршім мен Көкпекті аудандарын жалғайтын «Қызыл ту» өткеліне көпір салынатыны белгілі.

Көпір құрылысы бойынша өткен конкурстың жеңімпазы болып «ОблШығысЖол» компаниясы атанған болатын.

«Биыл құрылысқа республикалық бюджеттен 700 млн теңге, облыстық бюджеттен 300 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар республикалық бюджеттен тағы бес миллиард теңге жұмылдыруға өтініш жіберілген. Қазіргі уақытта көпір құрылысына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Ең алдымен, жағалау тіректерін орнату қажет. Жоспар бойынша тірек саны төртеу болады. Негізгі жұмыстар кезінде қолданысқа уақытша көпір салынады», - делінген ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінде.

Көпір құрылысы жобасының жалпы құны – 30 млрд теңге. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары 3 жылда аяқталады.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін көпір құрылысын жүргізетін жұмысшылар үшін 250 орындық жатақхана қалашығының құрылысы басталғанын хабарлаған болатынбыз.

Қазірде ғимараттың қаңқасы қаланып қойды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1385192
Пікірлер

Көрші сілтемелер