Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


» Ұйғырлармен ұшырасу имандылықпен ұштасты



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақстан мұфтйат

Жолданған уақыты: 09:50 - 2013/05/15

Нақты Көзі: http://www.muftyat.kz/index.php?newsid=8038


Ұйғырлармен ұшырасу имандылықпен ұштасты

Бас мүфти жаңа қызметіне сайланғалы бері жер-жерден құттықтау хаттары, жылы лебіздер келіп түсуде. «Мешітке келіп уағыз айтып берсеңіз», – деген өтініш-тілектер де қарапайым жамағат тарапынан айтылуда. Алматы шаһарының Жетісу ауданында ұйғыр бауырлар көптеп қоныстанған. Бүгін жүзі басқа болғанымен, жүрегі бір, тілі басқа болғанымен, тілегі бір ұйғыр ағайындардың ізгі ниеті жүзеге асты. Мешіт жамағаты Бас мүфтимен жүздесті.

 

«Ержан қажы келе жатыр» дегенді естіп, «Алий Муһәммәт» мешітіне жиналған жамағат Бас мүфтиді ерекше ілтипатпен күтіп алды. Жасы да жасамысы да ҚМДБ төрағасымен дидарласып, имандасып қалуға ынтық. Біз мұны олардың аз-кем әңгімесінен, іс-шараға дайындық барысынан байқадық. Мұсылманша орамал таққан біртоп апа-әжелер салт-дәстүрді сақтай отырып, Бас мүфтидің қадамына құт айтып, ұлттық нан ұсынды.

 

Осыдан кейін Ержан қажы Малғажыұлы Алла үйінде уағыз айтты. Ежелден дінге, ділге берік ұйғыр жұртына, жамағатқа ұлттар мен ұлыстарды игілікті істерде басын біріктірудегі дініміздің асыл құндылықтарын сөз етті. Ислам тарихынан сыр шертті. Араздасқан арабтарды, өштескен ру-тайпаларды Алланың діні қандай даналықпен татуластырғанын баяндап берді.

 

Ислам діні ұлттарды тіліне, дініне, нәсіліне бөлмейді, – деді Ержан қажы Малғажыұлы сөзін жалғап, – Алладан қорыққан мұсылман адамдарды алаламайды. Керісінше, бірлікке шақырады. Ислам – бейбітшілік діні. Елбасымыз да ұлттардың салты мен дәстүріне құрметпен қарап, еліміздегі түрлі ұлт өкілдерін бір тудың астына біріктіру саясатын ұстанып келеді. Біздің ата-бабаларымыздан «Бірлік – береке бастауы» деген нақыл сөз қалған. Татулық болған жерде тыныштық орнайды, тыныштық болған жерде елдің ырысы тасып, берекесі артады.


Бас мүфти мешіт жанынынан ашылған медресе шәкірттерімен кездесіп, оларға ілім үйренудің артықшылығын айтып, Құран оқудың сауабын сөз етті. «Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Сендердің араларыңда ең жақсыларың Құран оқып, әрі оны өзгеге үйреткендерің», – деген. Адам баласы Жаратушыға тек тақуалығымен ғана жақындайды. Аллаға шүкір, біз бүгінде қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған берекелі де тыныш заманда өмір сүріп отырмыз. Ілім алуға, имандылық жолын ұстануға ешкім кедергі емес. Сондықтан осындай асыл уақыттың құндылығын бағалайық», – деп Бас мүфти шәкірттерді жігерлендірді.

 

ҚМДБ төрағасы мешітпен қатарлас бой көтерген «Сұлтанқорған» балабақшасында болды. Балабақша ғимаратын аралап, бүлдіршіндердің тыныс-тіршілігімен де танысты.

Имандылықпен ұштасқан ұшырасуда ұйғыр бауырлар, ата-әжелер Бас мүфтиге батасын беріп, ізгі тілектерін жеткізді. «Алла разы болсын» айтып шығарып салды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ,

ҚМДБ-ның баспасөз хатшысы  

         



(56)
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=16&id=137715
Пікірлер

Жолдаушы №: 3331 - Уақыты: 2013/05/26 - 14:41

Аллаһ разы болсын! мұсылмандардың, түріктердің ынтымағын аллаһ нығайта берсін!

Жолдаушы №: 3313 - Уақыты: 2013/05/24 - 11:01

ئаллаһ реخмет қылсұн !

Жолдаушы №: 3305 - Уақыты: 2013/05/23 - 07:53

Күшті екен.

Жолдаушы №: 3280 - Уақыты: 2013/05/21 - 05:52

Яخшы боптұ.

Жолдаушы №: 3266 - Уақыты: 2013/05/16 - 19:39

Мықты

Көрші сілтемелер