Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Аурудың алдын алады – Астана Ақшамы



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 13:45 - 2021/03/06

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/aurudyng-aldyn-alady/


Аурудың алдын алады – Астана Ақшамы

Үстіміздегі жылдың 24 ақпаны мен 24 наурызы аралығында елордада «Уақыт өтіп жатыр!» айлығы жүруде. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова осы кезеңде туберкулез саласындағы мамандар халыққа осы аурудың алдын алу, диагностикалау және емдеу туралы қажетті түсіндіру жұмыстарына шолу жасады. Қаланың БМСК ұйымдарында туберкулездің алдын алу бойынша ашық есік күндерін өткізу жоспарлануда.

– Бұл ұран – тек медициналық ұйымдарына ғана емес, қаланың барлық тұрғындары мен елорда қонақтарын туберкулезге тексеруден өтуіне, туберкулездің алдын алу және анықтау мәселелері бойынша білім деңгейін арттыруына, әркімнің өз денсаулығына қатысты белсенді жеке өмірлік ұстанымын қалыптастыруына шақыру, – деді басқарма басшысының орынбасары.
Қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылатын мұндай шара былтыр да өткізілген. Онда туберкулезді ерте анықтауды қамтамасыз ету мақсатында елорданың шалғай аудандарының тұрғындарын (Промышленный, Пригородный, Өндіріс, Көктал), сауда орталықтары және базарларының қызметкерлері мен келушілерін жылжымалы флюорографиялық қондырғыларда тегін тексеру жүргізілді. Шара барысында туберкулезге профилактикалық тексеру кезінде 5000-ға жуық адам қамтылды, оның ішінде 104-і тұрғылықты жері жоқ адамдар болды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1367044
Пікірлер

Көрші сілтемелер