Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 13:40 - 2021/03/06

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/bylu-manyzdy/item/459686-elimizdi-13-irinde-dauyldy-eskertu-zhariyalandy





Аяз беті қайтқанмен жел соғып, жолдағы көлік қатынасы қиындады.

Бүгін еліміз бойынша 13 өңірде дауылды ескерту жарияланған. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетіп отыр. Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпарат бойынша, қазір республикалық маңызы бар 72 жол және облыс аумағындағы 125 бағыт уақытша жабылған. Құтқарушылар мен сақшылар жұмыс істеуде. Ал елордадан Павлодарға, Петропавлға, Шідерті мен Атбасарға барғысы келген жолаушылар болса, күннің жылынғанын күтулеріне тура келеді. Өйткені бұл бағыттарда қозғалысқа шектеу қойылған. Қара суықта жолда қалып қойғандар көп қой. Өткен тәуліктің өзінде мамандар екі жүз адамды құтқарып алған. Арасында балалар да бар. Солардың барлығын жылыту орындарына жеткізіп жатыр. Қазір онда алты жүзден астам адам бар деп естідік. Қауіпті жолдардағы жағдайды бақылауға әрі көмек көрсетуге мың жарым маман мен сегіз жүз техника тартылды.

Осы категория бойынша: « Бірқатар өңірде жолдар жабылды
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1367041
Пікірлер

Көрші сілтемелер