Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ақылы автотұрақтар дауы қалай шешіледі? – Астана Ақшамы



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Ақжол мақалалары

Жолданған уақыты: 13:00 - 2021/03/06

Нақты Көзі: https://www.astana-akshamy.kz/aqyly-avtoturaqtar-dauy-qalaj-sheshiledi/


Ақылы автотұрақтар дауы қалай шешіледі? – Астана Ақшамы

«Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС «Нұржол» желекжолы аймағына кірмейтін орындарда жұрт көлігін қойғаны үшін көп уақыт бойы заңсыз төлем алып келген. Енді Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған аудан­аралық экономикалық сотының шешімімен бұл паркоматтар жойылатын болды.

Заңсыз паркоматтар жойылатын болды

Тұрғындардан заңсыз паркоматтарға қатысты арыз-шағымдардың көбеюіне байланысты сотқа осы іс бойынша талап-арызды қаланың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жолдаған болатын. Сот талапкердің астананың ақылы көлік қою кеңістігін құру, пайдалану және басқару туралы шартты бұзу жөніндегі арызын қанағаттандырып, жауапкер «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС-тің рұқсат құжатынсыз орнатылған 133 паркоматты бұзуға міндеттеді.
Айта кетейік, шарт бойынша «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС «Нұржол» желекжолы аймағына кірмейтін орындарда жұрт көлігін қойғаны үшін төлем алмауы тиіс. Өйткені басқа аймақтардағы тұрақтар ақылы болуы үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің арнайы қаулысы қажет. Ал екі тарапты сотқа жетелеп отырған осы даулы істе жоғарыда аталған орындар бойынша ондай қаулы қабылданбаған. Қазіргі күні сот шешімі заңды күшіне енгізілген жоқ. Наразы жақтың оны апелляциялық шағым түсіру үшін 1 ай мерзім берілген.

Қате жасалған төлемдер қайтарылуы тиіс

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі заңсыз көлік қою орындарынан түскен ақшаны оператор өз қалтасына басқан деп санайды. Бұл туралы әкімдіктің ресми сайтында жарияланды. Сондықтан атқарушы билік тұрғындарды «Нұржол» желекжолынан басқа аймақтардағы көлік қою орындары үшін ақы төлемеуге шақырады.
– Кәсіпорын «Нұржол» желекжолы бойынан басқа жердегі паркоматтарды заңсыз орнатқан, ол тұстарға жол белгілері мен тиісінше ақпараттық қалқандар орнатылмаған. «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС-ке бұл туралы әлденеше рет мәлімделгенмен, біздің талаптарымызға құлақ аспады, – дейді әкімдікте.
Ревизиялық комиссия да серіктестік жалпы қолданыстағы автотұрақтардан заңсыз ақша алып келді деп айыптады. Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы автоиелері төлеген төлемдерді қайтарып беру үшін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс департаментіне хат жолдады.
Көлік және жол-көлік инфра­құрылымын дамыту басқармасының өкілі Марат Есеркеповтің айтуынша, «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС «Нұржол» желекжолынан басқа аймақтарда адамдардың көлік қойғаны үшін төлем алуға қақысы жоқ көрінеді. Сондай-ақ компания бұл паркоматтарды орнатуға әкімдіктен рұқсат алмаған. Тиісінше паркоматтар жұмыс істеп тұрғалы қалалық бюджетке ешқандай қаржы түспеді. Оператордың өздігімен орнатқан паркоматтарына адамдар төлеген ақша қазына қорына құйылмай, кімнің қалтасына шөгіп қалғанын енді сот анықтауы тиіс.
– Қазір ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс департаментінің шешімін күтіп отырмыз, одан жауап алған соң, заңсыз паркоматтардан түскен қаржыны қалай қайтарып алудың амалын қарастыратын боламыз, – деді Марат Есеркепов.

Тағылған айыппен келіспейді

Компания өкілдері әкімдіктің мұндай мәлімдемесімен келіспейді. «Астана тұрақ кеңістігі» ЖШС-ке қарасты көліктердің барлық тұрақ орындары Нұр-Сұлтан әкімдігінің және Көлік және жол-көлік инфра­құрылымын дамыту басқармасының теңгерімінде тұр. Ақылы тұрақ орындарына бөлінген жер учаскелері – жол-көлік торабының бөлігі және қаланың мемлекеттік коммуналдық меншігінде. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шартына сәйкес көрсетілген қыз­меттен түскен барлық қаржы мен салықтар қала бюджетіне төленген» дейді.
Серіктестіктің айтуынша, ақылы көлік тұрақтарын орналастыратын учаскелерді жергілікті атқарушы орган белгілеген, ал әкімдік заңсыз деп көрсетіп отырған ақылы тұрақтар шартта жазылып көрсетілген.
Тағы бір нақтылай кететіні, ақылы қызметтерге арналған айыппұлдарды Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы тағайындайды. Мұндай деректерді тек солар ғана береді.
Естеріңізге сала кетейік, астанада ақылы көлік тұрақтары 2018 жылдың қаңтарынан бастап қызмет көрсетіп келеді. Олардың санын қала бойынша 5 мың орынға жеткізу жоспарланған. Бірақ өткен жылдың 3 қарашасы күні әкімдік қалада енді жаңа ақылы тұрақтар ашылмайды, ал «Нұржол» желекжолы бойындағыдан басқа аймақтарда жұмыс істеп тұрған автотұрақтар сот шешімінен кейін жабылады деген мәлімдеме жасады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=7&id=1367027
Пікірлер

Көрші сілтемелер