Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Жанардың әдемі әлемі - Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Айқын газеті

Жолданған уақыты: 13:00 - 2021/03/06

Нақты Көзі: https://aikyn.kz/117243/%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b0%d1%80%d0%b4%d1%8b%d2%a3-%d3%99%d0%b4%d0%b5%d0%bc%d1%96-%d3%99%d0%bb%d0%b5%d0%bc%d1%96/


Әрдайым жадырап, көңілі көктемдей құл­пырып жүретін  Жанар Дәулеттің өмірге деген құштарлығы бөлек. Ол ден­саулығына байланысты арба­ға таңылған.

Жанар бұл тағдырына мойын­сынып, өмірінің әр күнін бағалай білуді түсінген. Содан болар өзі секілді жандарға барынша көмек­тесуді мақсат тұтқан. Тіпті, әлеу­меттік желіде жергілікті атқарушы билікке мүгедектер мәселесін ашық айтып жүретіні баршаға аян.

«Адам боп келдің дүниеге, адам боп қалу міндетің» деген ұстаным­мен өмір сүретін Жанар Adam деген атаумен 16 мен 25 жас аралығындағы қыздарға арналған әлеуметтік білім жобасын ашты.

  – Ана құрсағында жатқан сәбидің жарық дүниеге қаңдай бо­лып  келуі – Жаратушының ғана құзырында. Адам ең алдымен жа­рық дүниеге келгеніне риза болуы қажет. Және өмірден адам болып өтуге мақсат қоя білгені жөн. Сон­дықтан бұл жобамды өзім секілді мүгедек жандарға көмектесу мақ­сатында аштым.  Өйткені мүгедектік өмірден тежелу емес, адам болуға мүмкіндік.  Дүниеге келген әр адам, мейлі ол мүгедек болсын алдымен  адами тұлғалық қасиетін дамытуы тиіс. Әйтпесе, біздей жандарға мемлекет тарапынан қолдау барын­ша көрсетіліп жатыр. Соған қара­мастан әлі де болса төрт қабырғаға қарап, қамалып отырған­дар аз емес. Олар тірілуі керек. Мүмкіндігі шектеулі жан да адам. Онда да сезім бар. Сол үшін де ештеңеден қысыл­май, ата-анамен сырласып, адам­дармен араласып, он екі мүшесі сау адам секілді өмір сүруге құқылы екенін түсінсе екен, – дейді Жанар Дәулет.

Бүгінде жобаның жетекшісі әрі республикалық мүмкіндігі шектеулі жандардың Kedergisiz KZ қоғамы­ның мүшесі болған Жанар волонтер ретінде  жұмыс істейді. Елімізде өт­кен халықаралық деңгейдегі пара-пауэрлифтинг чемпионатында волонтер болып, зілтеміршілердің күш-қайратына тәнті болған. Ал Жанар­дың Атыраудан елордада өте­тін чемпионатқа волонтер ретінде келуін көп азаматтар ерлікке баға­лады.

Осы күнде Жанардан ақыл-кеңес сұрап, көмегіне жүгінетіндер жетерлік. Арасында бірі әлеуметтік бағдарламаларды сұраса, бірі шағын кәсіпкерлікті қалай бастауға бола­тынын сұрап жатады. «Осындай жандарға қол ұшын созып, барынша көмегім тиіп жатқаны маған үлкен қуаныш» деген ол, өмірдің мәні жақсылық жасаудан тұратынын жеткізді.

Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ,
Атырау облысы

 
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=5&id=1367026
Пікірлер

Көрші сілтемелер