Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қазақ даласынан құнды деректер жинаған – Бүгін Томас Аткинсонның туған күні



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 12:36 - 2021/03/06

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/kazak-dalasynan-kundy-derekter-zhinagan-bugin-tomas-atkinsonnyn-tugan-kuni_a3761318


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осыдан 222 жыл бұрын 6 наурызда ағылшын саяхатшысы, суретші Томас Уитлам Аткинсон (1799-1861) дүниеге келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

Т. Аткинсон мен оның әйелі Люси 1848-1852 жылдары Қазақстанның бірқатар жерлерінде болып, тарихи-этнографиялық, географиялық зерттеулер жүргізген.

Аткинсонның 1858 жылы Лондонда жарық көрген «Шығыс және Батыс Сібірдегі зерттеулер» атты екі томдық еңбегінде Семей, Аягөз, Қапал, Алматы қалалары мен бекіністеріндегі тұрғындардың шаруашылығы, қазақтардың тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, билеуші топтары арасындағы талас-тартыс, Шыңғыстау күміс кені, балыққа бай Зайсан көлі жөнінде көптеген деректер бар.

1860 жылы «Әмудария бойымен саяхат» атты кітабы шыққан. Онда қазақ қоғамын іштей жегідей жеп жатқан «барымта» дегеннің куәсі болдым дей келіп, «Түнгі ауылға шабуыл», «Аттылы қырғыздардың ұрысы» атты суреттер жариялады. Соңғы суретінде қазақтардың сол кездегі қару-жарағы (айбалта, найза) бейнеленген. Қазақтардың киімін, тамағын, қысқы киіз үйін суреттеп, бұл жөнінде бірнеше этнографиялық гравюралар, көп мағлұматтар қалдырған. Алатаудың солтүстік беткейінде, Зайсан мен Балқаш аралығында кездескен түрлі обалар мен көне зираттардың құрылысын сипаттап жазған.

Т. Аткинсон дала тұрғындарының ақындық рухына, түрлі жер аттарына (Қаркөл, Қалмақтау, Ақтас, Ертіс, тағы басқалар) байланысты аңыз-әңгімелерді баяндаған. Сүйік пен Айғаным арасындағы сүйіспеншілік, Сүйіктің Айғанымды алып қашуы, Айғанымның қамысты көл жағасында жолбарыстан опат болуы туралы халық арасында ертеден келе жатқан аңыз желісін баяндауы да ағылшын авторының қазақтардың рухани мәдениетіне жіті назар аударғанын көрсетеді.

Ұлыбританиялық ғалым Жоңғар Алатауын және Тамшыбұлақты ерекше зерттеген. Тамшыбұлақтың сұлулығына тәнті болғаны соншалық, Томас пен Люси қазақ жерінде дүниеге келген тұңғыш ұлдарының есімін Алатау-Тамшыбұлақ деп қойған. Бүгінде бұл есім Англиядағы үлкен бір әулеттің тегіне айналып отыр. Қазақ даласына табаны тиген саяхатшының алтыншы ұрпағы - Пипа Алатау-Тамшыбұлақ ханым қазіргі таңда Лондон маңындағы елдімекендердің бірінде тұрады.

Бүгінде дәл осы Аткинсонның ұрпақтары Тамшыбұлаққа Ұлыбританиядан арнайы келіп, аталарының кіндік қаны тамған жердің ауасымен тыныстап, саяхат жасауды дәстүрге айналдырған.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1367018
Пікірлер

Көрші сілтемелер