Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Коронавирустың әлемде жаңа үш штамы басым болуы мүмкін - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 12:00 - 2021/03/06

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/459665-koronavirusty-lemde-zha-a-sh-shtamy-basym-boluy-m-mkin



Коронавирустың әлемде жаңа үш штамы басым болуы мүмкін


Мәселен, қазірдің өзінде Жапонияда байқала бастаған.

Ел астанасы Токиода сақтық шаралары күшейді. Өңірлерде де төтенше жағдай тәртібі тағы екі аптаға ұзартылды. Вирустың өзгеріске ұшыраған бұл түрі вакцинациялардың тиімділігін төмендетуі мүмкін. Бұл туралы Вашингтон университеті медицина мектебінің ғалымдары айтып отыр. Осы себепті Жапония да жаңа толқыннан сескеніп отыр.

Ёсихидэ Суга, Жапония премьер-министрі:

– Кейбір өңірлердегі ауруханада орын жетіспей жатыр. Қазір вирустың жаңа толқыны қаупі төндіріп тұр. Сондықтан төтенше жағдайды тағы жарты айға ұзартамыз. Бұл екі апта уақыт ұту ғана емес, жағдайды жіті бақылау үшін де қажет.

Италияның солтүстігіндегі Ломбардия өңірінде де сақтық шаралары күшейді. Енді тұрғындар бей берекет өзге аймақтарға бара алмайды. Тамақтану орындары жеткізіп беру қызметін қайта іске қосты. 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1367007
Пікірлер

Көрші сілтемелер