Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қазақстанда кітап шығаратын кезде оқырман пікірі ескерілетін болады



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 18:09 - 2021/03/03

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/kazakstanda-kitap-shygaratyn-kezde-okyrman-pikiri-eskeriletin-bolady_a3760143


Қазақстанда кітап шығаратын кезде оқырман пікірі ескерілетін болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ендігі уақытта елімізде жарық көретін туындылар алдымен халықтың талқысына салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада балалардың кітап оқуын қолдау жылы ресми түрде ашылды Ұзыншұлық Пиппи тұңғыш рет қазақ тілінде жарық көрді Елордада қазақ мемлекетінің тарихы туралы кітаптардың тұсауы кесілді

«Бізде отандық жазушылардың туындыларын шығаруға арналған бағдарлама бар. Соған сәйкес биыл біздің министрліктің қолдауымен шығатын кітаптардың барлығы алдымен кітап палатасының сайтына жарияланады. Ол жерде әр оқырман жаңа туындымен таныса алады және оқып болған соң өзінің ой-пікірін қалдыру мүмкіндігі бар. Мұндағы мақсат – оқырманның пікірін елеп, сол арқылы жарық көретін кітаптардың саны мен сапасын арттыру», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Нұрғиса Дәуешов.

Оның айтуынша, жаңа туындыны шығармас бұрын бұқараның талқысына салып, ойын тыңдаған абзал.

«Кітаптың оқырманы - халық. Сондықтан жұрт қандай кітап шығып жатқанын, оның авторы кім екені білгені жөн. Яғни, министрлік көпшіліктің талқысынан түскен соң ғана жарыққа шығаратын кітаптардың тізімін жасақтап, іріктеу жасайды. Әрине бұл жерде оқырман пікірінен бөлек, сала мамандарынан құрылған арнайы комиссия жұмыс істейді. Дегенмен халықпен кеңесу - басты мақсатымыздың бірі болып отыр», - дейді ол.

Бұған дейін вице-министр елімізде балалар мен жасөспірімдерді кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында арнайы тұжырымдама әзірленгенін айтқан еді.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1365066
Пікірлер

Көрші сілтемелер