Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Денсаулық сақтау вице-министрі пандемияда қабылданған шаралар туралы айтты



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Егемен торы

Жолданған уақыты: 17:57 - 2021/03/03

Нақты Көзі: https://egemen.kz/article/267628-densaulyq-saqtau-vitse-ministri-pandemiyada-qabyldanghan-sharalar-turaly-aytty


«Денсаулық сақтау министрлігі жүйелі түрде халықтың денсаулық көрсеткішін жақсарту үшін келесі шараларды қабылдауда.

Халыққа медициналық-санитарлық алғашқы көмекті жетілдіру. Бүгінгі таңда 7 мыңнан астам ұйым, амбулаториялар мен емханалар жұмыс жасайды. Онда шамамен 10 мың дәрігер, 28 мың ортақ медицина қызметкерлері, оның ішінде 47%-ы ауылдық жерлерде жұмыс істеп жатыр.

Былтыр пандемиямен күресіп жүріп, бірқатар жұмыстар жүргізілді. Соның бірі, әрбір учаскелік дәрігерге кісі басына тіркелетін жүктеме азайды. Бұрын бір учаскелік дәрігерге 2000 - 2200-дей азамат тіркеліп қаралатын болса, қазірге таңда 1 700-ге дейін төмендетілді.

Пандемияға қарамастан 63 жаңа обьекті салынды. Медициналық қызметкерлердің жалақысы 30%-ға көтерілді. Жылжымалы медициналық көмек дами бастады.

ДСМ ағымдағы жылдың 25 ақпанында халықтың қалың тобына, оның ішінде ауылдық жерлерде тұратындарға барынша қолжетімділік жағынан 2021-2025 жылдарға арналған "Алғашқы медициналық көмекті жақсарту" жөнінде шаралар жоспарын бекітті», деді Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=4&id=1365056
Пікірлер

Көрші сілтемелер